Хаттама Степногорск қаласы әкімінің Бестөбе кенті тұрғындарымен кездесуі

Рауан МҮ 25 сәуір 2022 жыл

Қатысқандар: қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау қызметтерінің, қалалық мекемелердің өкілдері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың, БАҚ қызметкерлері.

250 адам қатысты.

КҮН ТӘРТІБІ

Қабай Сырым Уәлиұлы-Бестөбе кентінің әкімі - "Бестөбе кентінің 2022 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы есеп". Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы-Степногорск қаласының әкімі-"Степногорск қаласының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы есеп".

Бестөбе кентінің әкімі С.У. Қабай Бестөбе кентінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарлары туралы есеп берді.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов Степногорск қаласының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы есеп берді.

Есептік кездесу барысында келесі сұрақтар түсті:

Муфтахиденов Б., зейнеткер - кент емханасының күндізгі стационарында әйелдер мен ерлерді бөлек орналастыру туралы.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов "Viamedis" ЖШС филиалының басшылығымен бөлменің ортасына ширма орнату туралы жұмыстар жүргізу түсініктемесі берілді.

Асаинова к., өзін - өзі жұмыспен қамтыған-орталық жылытуды қосу туралы.

Степногорск қаласының әкімі А. Қ. Қайыржанов аталған мәселе қала бюджетін нақтылауда қаралатыны туралы түсініктеме берді

"Қазақалтын" ЖШС қызметкері Е.Асылбековтен - дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы туралы.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов ЖСҚ әзірленгені туралы түсініктеме берді. Ағымдағы күні ведомстводан тыс сараптамаға жүктеу үшін бастапқы материалдарды дайындау жүргізіледі.

К. Каушевтен, зейнеткер-жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі туралы.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов анықталған пайдаланылмайтын жерлер Бестөбе кентінің шекарасына енгізілетіні туралы түсініктеме берді.

К. Каушевтен, зейнеткер - балалар алаңының құрылысы туралы.

Степногорск қаласының әкімі А. Қ. Қайыржанов бұл мәселе қала бюджетін жақын арада нақтылауда қаралатыны туралы түсініктеме берді

"Рауан" МҮ күзет қызметкері К.Әбілшеновтен - Бестөбе кенті-Степногорск қаласы жолында жол таңбасын салу туралы.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов Ақмола облысының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасымен мәселенің шешілетіні туралы түсініктеме берді.

Шакирова Б., зейнеткер-Қазақстан көшесі мен Қапанажанов көшесіне көше жарығын орнату туралы.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов бұл мәселе жақын арада қала бюджетін нақтылау кезінде қаралатынын айтты.

Степногорск қаласының әкімі А. Қайыржанов

Хаттама Степногорск қаласы әкімінің Бестөбе кенті тұрғындарымен кездесуі
Дата публикации
30 июня 2022