Степногорск қ. 20.04.2022 ж.
Күн тәртібі
«Степногорск қаласының Парковая, Степная, Лесхоз көшелерін қайта атау туралы»
Отырыс төралқасында:
О.О. Волкова-Михальская – қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы;
А.Қ. Қайыржанов – Степногорск қаласының әкімі.
Отырысты О.О. Волкова-Михальская ашады және жүргізеді.
Отырыс жұмысына:
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы – Х. Кабар;
Степногорск қаласының орынбасары – Г.М. Әбілова;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті тарих институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының құрметті өлкетанушысы, картографы – Г.Ж. Табулдин;
жазушы-публицист, қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры – М.Ә. Нәбиев қатысты.
Қалалық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің ұжымдары, қала тұрғындары.
Барлығы 180 адам қатысты.
Көпшілік тыңдауды өткізу туралы ақпарат Степногорск аймақтық «Престиж» газетінде 2022 жылғы 17 наурызда № 1 (1044) жариялау арқылы қала тұрғындарына жеткізілді.
Отырыс басталар алдында төрайым барлық қатысушыларды отырыс жұмысының тәртібі мен регламенті туралы хабардар етті.
Қала әкімінің орынбасары Г.М. Әбілова көшелерді қайта атау тәртібі мен рәсімі туралы ақпарат беріп, көшелерді қайта атау туралы ұсыныс айтты:
Парковая көшесін Қажымұқан Мұңайтпасұлы көшесіне;
Степная көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;
Лесхоз көшесін Паң-Нұрмағамбет көшесіне қайта атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірді.
Бұл ұсынысқа жергілікті өкілді және атқарушы органдарға түскен ұжымдық өтініштер негізі болды.
Отырыс барысында көшелердің атауын өзгертуге:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті тарих институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының құрметті өлкетанушысы, картографы – Г.Ж. Табулдин;
«Паң-Нұрмағамбет» мешітінің өкілі – Р.Б. Орманова;
жазушы-публицист, қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры – М.Ә. Нәбиев;
Степногорск мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары – А.А. Ковальчук;
Лев Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі – Н.Н. Догваль;
«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Б. Шугайв;
тарихи-өлкетану мұражайы филиалының меңгерушісі – М.Ө. Нұржанова;
Лев Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының директоры – Е.А. Макарова қолдау білдірді.
Парковая көшесінің атауын өзгертуге Парковая көшесінің тұрғыны Сергей Николаевич Кириченко қарсы болды.
Талқылау барысында көшелердің атауын өзгертуге:
Бекназарова А.Р.; Ушакова Л.Н.; Шорманова С.К.; Жанайдарова Г.А.; Телгараев К.; Гафарова Қ.Е.; Қаржаубаев К.Б.; Күлжанов Г.; Аяған Н.А.; Жағыпаров О.А.; Құмар К.; Рахымжанова Ф.С.; Тәшімов Т.М.; Есжанова Ф.Б; Орманова Р.Б.; Ковальчук А.А.; Жиенбаев И.Ж. қолдау білдірді
атауын өзгертуге:
Кириченко С.Н.; Стыжаров С.Н.; Тележинская Н.В.; Сочнев А.С. қарсы шықты
Айтылған пікірлердің қорытындысы бойынша, отырыс төрайымы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті өкілді және атқарушы органдар халықтың пікірін ескере отырып, бірлескен шешіммен облыстық ономастика комиссиясының қарауына елді мекеннің құрамдас бөліктерін қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізетінін хабарлады.
Степногорск қаласындағы көшелерді қайта атау бойынша соңғы шешім Ақмола облысы мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен шешімімен қабылданады.
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер
жөніндегі тұрақты комиссиясының
төрайымы
О. Волкова-Михальская