БЖЗҚ-ның қандай қызметтерiн жеке куәлiксiз алуға болады?

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетiлетiн цифрлық қызметтер желiсiн кеңейтуде. Бүгiнде жеке зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке куәлiксiз алуға болады. Ол үшiн еGovMobile мобильдi қосымшасында жеке куәлiктiң цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткiлiктi.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң электрондық нұсқасымен БЖЗҚ бөлiмшелерiне жеке өзi келгенде төмендегi қызметтердi алуға болады:

жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу;

деректемелерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту (айқындау).

Ендi жеке куәлiктiң электрондық нұсқасының көмегiмен алынатын жоғарыда аталған қызмет түрлерiне зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асыру мүмкiндiгi қосылды.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ бөлiмшелерiне жеке өтiнiш бiлдiрген кезде БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аудару үшiн мынадай құжаттар қажет:

1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және оның түпнұсқасы, не шолу үшiн цифрлық құжаттар қызметiнен электрондық құжат;;

2) зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасы/салымшы (алушы) сақтандыру ұйымымен жасасқан қолданыстағы зейнетақы аннуитетi шартына қосымша келiсiмнiң түпнұсқасы;

3) БЖЗҚ-ның iшкi құжатымен бекiтiлген нысан бойынша зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтiнiш.

Жеке куәлiктiң цифрлық (электрондық) нұсқасын БЖЗҚ бөлiмшелерiне салымшы тiкелей өзi келгенде пайдалануға болатынын атап өтемiз.

Егер жүгiнген тұлғада жеке басын куәландыратын құжат жарамсыз болып табылса, онда eGovMobile мобильдiк қосымшасында да құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
10 марта 2022