БЖЗҚ өз қызметтерiнiң 94 пайыздан астамын электрондық форматта көрсетуде

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдың бiрiншi айында өз салымшыларына 3,2 миллион қызмет көрсеттi.

БЖЗҚ қызметтерiнiң 94% астамын iндет кезеңiнде ыңғайлы, жедел және қауiпсiз болып табылатын онлайн тәртiбiнде көрсетуде. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бiрнеше минут iшiнде Қордың барлық қызметтерiн ала алады. Онлайн қызметтердiң 2,1 миллионнан астамы немесе жалпы көлемнiң 66,5% БЖЗҚ сайтында немесе мобильдi қосымшасында көрсетiлген.

БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттiң көмегiмен салымшылар қызметтердi қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естерiңiзге саламыз. Атап айтқанда, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге берiлетiн өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқа қызмет түрлерi.

Сонымен қатар, Қорда қызмет көрсетудiң өтiнiмсiз түрi де дамыған. Мысал ретiнде айтсақ, оған мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу кiредi. Естерiңiзге сала кетейiк, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна келiп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте тұлғаның жеке басын сәйкестендiру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ салымшысының қолданыстағы құжатының деректемелерi мен тұрғылықты жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтер мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйесiнен алынады. Өтiнiмсiз тәртiпте жыл басынан берi 0,9 миллион қызмет немесе жалпы көлемнiң 27,8% көрсетiлдi.

Кеңсеге келiп қызмет алу түрi де танымалдығын жоғалтқан емес. БЖЗҚ-ның Қазақстан бойынша 176 бөлiмшесiнде 2022 жылдың бiрiншi айында салымшыларға 116 мың қызмет көрсетiлдi. Естерiңiзге сала кетейiк, Қордың жақын жердегi бөлiмшесi туралы www.enpf.kz сайтынан немесе ENPF мобильдi қосымшасынан тез бiлуге болады.

Жалғасып жатқан iндет пен қыстың күнi қырауда БЖЗҚ салымшылары барынша қашықтан кеңес алуды жөн көрiп отыр. Бiрнеше минут iшiнде бiздiң қызметкерлер кез-келген сұрақтарға жауап бере алады. 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, керi байланыс арналары арқылы салымшылардан 65,6 мың өтiнiш келiп түскен.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) арқылы байланыс орталығы, www.enpf.kz корпоративтiк сайты, сондай-ақ, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында ақыл-кеңестер ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
25 февраля 2022