«Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша
2021 жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың
іске асырылуы туралы есепке
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 63 604,7 мың теңге сомасына 4 (төрт) бюджеттік бағдарламаны әкімшілендіреді.
456 001 015 «Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер».
Бұл бағдарлама бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 22 706,3 мың теңгені құрайды, нақты шығыстар 22 705,7 мың теңгені құрады. Орындалмау сомасы дөңгелектеу есебінен 0,6 мың теңгені құрады.
Бағдарлама мақсаттар мен міндеттерді қарастырады:
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4 бірліктен, штаттан тыс қызметкерлердің
3 бірліктен тұратын ішкі саясат бөлімінің аппаратын қамтамасыз ету.
456 001 049 «Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке арналған субвенциялар есебінен».
Бұл бағдарлама бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 1 500,0 мың теңгені құрайды, нақты шығыстар 1 220,0 мың теңгені құрады. Орындалмау сомасы мемлекеттік сатып алулардан үнемдеу есебінен 280,0 мың теңгені құрады.
Тікелей нәтиже көрсеткіштерінің орындауы 98,8% - ды құрады.