469 «Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік етеді: 25813,2 мың теңге. Бағдарламалар бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 25813,2 мың теңгені құрады, нақты шығыстар 25812,7 мың теңгені құрады. орындалмау сомасы 0,5 мың теңгені құрады, немесе 99,9% себебі дөңгелектеу есебінен қаражатты үнемдеу болып табылады.
Бұл бюджеттік бағдарлама мақсаттар мен міндеттерді көздейді: Штаттық саны 6 бірлік кәсіпкерлік бөлімінің аппаратын ұстау, штаттан тыс қызметкерлерді ұстау 3 бірлік:
Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, өнеркәсіпті индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын жүргізу және іске асыру, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын, стратегиялық жоспарды, өңірлік бағдарламаларды әзірлеу, оларды іске асыру бойынша есептер дайындау, қала экономикасына инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізу, Степногорск қаласының Индустрияландыру картасы жобаларына мониторинг жүргізу, ішкі азық-түлік нарығын молықтыру, инфляциялық процестерді төмендету жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, бизнес ортаны жақсарту, көрсетілетін қызметтердің сапасын, тиімділігін арттыру жолымен басқару жүйесін жетілдіру, инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне 100% - ға қол жеткізілді%:
Ай сайын әлеуметтік-экономикалық даму, әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды индикаторларының орындалуы туралы талдамалық ақпарат дайындалады. Тоқсан сайынғы негізде Ақмола облысының әкімі мен Степногорск қаласының әкімі арасында жасалған негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі меморандум туралы есеп қалыптастырылады. Степногорск қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 2021 жылға орындалуы бойынша Жол картасын іске асыру туралы есеп ай сайын қалыптастырылады.
Степногорск қаласының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзету бойынша жұмыс жүргізілді. Степногорск қаласының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын 2020 жылға іске асыру туралы есеп қалыптастырылды. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына 2021 жылғы 23 ақпандағы енгізілген өзгерістерге сәйкес Степногорск қаласының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Бағдарламасының күшін жою туралы нақты жұмыс жүргізілді, шешім жобасы Степногорск қалалық мәслихатына жіберілді.
Степногорск қаласының 2022-2026 жылдарға, 1 және 2 кезеңдерге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалды.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізіледі. Қаланың және ауылдық елді мекендердің өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігі бойынша талдау жүргізілді.
Ай сайын ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Индустрияландыру картасы мен Ақмола облысының кәсіпкерлікті дамыту картасы жобаларының жұмысына мониторинг жүргізіледі. Ай сайын тауар өнімінің көлемі, күтілетін және нақты орындалуы бойынша болжам қалыптастырылады.
Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2021 жылы 181,5 млрд. теңгеге тауар өнімдерін өндірді. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 109% құрады.
Республикалық және өңірлік карталар шеңберінде 2021 жылы 88,1 млрд. теңге Тауарлық өнім өндірілді, картаға қатысушы кәсіпорындар өндірісінің үлес салмағы қаланың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде 47,8% - ды құрады.
2021 жылы Котенко карьерінің құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша өнімділігі жылына 5 млн.тонна алтын өндіру фабрикасын салу бойынша «Ақсу Teсhnology» ЖШС ірі ауқымды инвестициялық жобасы пайдалануға берілді.
Қала экономикасының дамуына әсер ететін факторлардың бірі тартылатын инвестициялар көлемінің ұлғаюы болып табылады.
2021 жылы қала экономикасына 63,9 млрд.теңге инвестиция салынды, негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 111,5% - ды құрады.
Ай сайын инвестициялардың болжамы, күтілетін және нақты орындалуы қалыптасады. 2025 жылға дейінгі перспективалық инвестициялық жобалардың тұсаукесері дайындалды.
Өңірде кәсіпкерліктің дамуына мониторинг жүргізілуде. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша түрлі салаларда 3325 шағын және орта бизнес субъектілері немесе 2020 жылға 101,3% қызметін жүзеге асырады.
Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде:
- бірінші бағыт бойынша 295 млн. теңге несие сомасына 33 жоба субсидияланады, оның ішінде 2021 жылы 27 жаңа жоба:
- екінші бағыт бойынша 241,3 млн. теңге несие сомасына 11 жоба субсидиялауды алды;
- үшінші бағыт бойынша 1223 млн. теңге несие сомасына 1 жоба субсидияланды;
- гранттар сомасы 25 млн.теңгеге 5 жоба бойынша берілді.
- 256,6 млн. теңге сомасына 12 жоба кепілдендіру алды.
Бөлшек сауда тауар айналымы 25,9 млрд. теңгені құрады, НКИ-100,1%. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында көп жылдық негізде апта сайын Степногорск өңірінің және облыстың жақын аудандары мен Нұр-сұлтан қаласының тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелер (50 жәрмеңке) өткізіледі 2021 жылы 543 млн.теңге сомасына өнім сатылды.
Азық-түлік тауарларын жеткізушілермен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша 26 меморандум жасалды.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға белгілеудегі жағдай тұрақты, бағалық сөз байласу және әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсу фактілері анықталған жоқ.
Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері 100% орындалды,
Штат саны 9 адам, 2021 жылы бөлімнің функцияларын қызметкерлер толық көлемде орындады.
Бөлім басшысы Т. Волчек