2021 жылы БЖЗҚ өз салымшыларына 40 миллионнан астам қызмет көрсеттi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылы (01.01.2021- 01.01.2022 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 40,5 миллион қызмет көрсеттi. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 45,2% көп.

БЖЗҚ қызметтерiнiң 90% астамын iндет кезеңiнде ыңғайлы, жедел және қауiпсiз болып табылатын онлайн тәртiбiнде көрсетуде. Салымшылар мен алушылар үйден шықпай-ақ бiрнеше минут iшiнде Қордың барлық қызметтерiн ала алады. Онлайн қызметтердiң 29,7 миллионнан астамы немесе жалпы көлемнiң 73,4% БЖЗҚ сайтында немесе мобильдi қосымшасында көрсетiлген. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткiштер бiр жарым есеге өстi (өткен жылдың 12 айында Қор салымшылары виртуалды кеңiстiкте 17,9 млн қызмет алған болатын).

БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттiң көмегiмен салымшылар қызметтердi қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естерiңiзге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге берiлетiн өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқалар.

Сонымен қатар, қызмет көрсетудiң өтiнiмсiз түрi де дамыған. Оған, мысалы, мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу кiредi. Естерiңiзге сала кетейiк, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашық ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна келiп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте тұлғаның жеке басын сәйкестендiру МЗЖ, МКЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ салымшысының қолданыстағы құжатының деректемелерi мен тұрғылықты жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтер Мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйесiнен алынады. Жыл басынан берi 6,9 миллион қызмет немесе жалпы көлемнiң 17,1% өтiнiмсiз көрсетiлген.

Кеңсеге келiп қызмет алу түрi де танымалдығын жоғалтқан емес. Бүкiл Қазақстан бойынша БЖЗҚ-ның 183 бөлiмшесiнде салымшыларға 2,3 млн қызмет көрсетiлдi, бұл былтырғы көрсеткiшпен салыстырғанда 52,3% артық. Естерiңiзге сала кетейiк, Қордың жақын жердегi бөлiмшесi туралы www.enpf.kz сайтынан немесе ENPF мобильдi қосымшасынан тез бiлуге болады.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елдi мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде көрсетiлетiн қызмет түрлерi бойынша бiрлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, пошта операторының 347 бөлiмшесiнде шамамен 18 мың қызмет көрсетiлдi. Ол өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлiмдерi де iске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтердi онлайн алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша барып қызмет көрсету барысында 117 768 операция жүзеге асырылды, бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 36,7%-ға асып түседi.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерiн ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңiл бөледi. 2022 жылдың 1 қаңтарында керi байланыс арналары арқылы 1,5 миллион өтiнiш келiп түскен. Бұл былтырғы көрсеткiштен 10,2% көп.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) арқылы байланыс орталығында, www.enpf.kz корпоративтiк сайты, сондай-ақ, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында ақыл-кеңес ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
01 февраля 2022