Ұлттық Банктiң басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк 11% асты

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеге жеттi. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

Зейнетақы жинақтарының едәуiр өсуi 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2022 жылдың 1 қаңтары аралығында 1,4 трлн теңгеден асқан таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етiлдi, бұл былтырғы көрсеткiштен 138,2 млрд теңгеге немесе 11% артық. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк жыл басынан берi 11,13%, ал инфляция 8,4% құрады.

Естерiңiзге сала кетейiк, инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түрiндегi кiрiстер, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түрiндегi кiрiстер, валюталық қайта бағалау түрiндегi кiрiстер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстер және т. б. кiредi.

Жалпы, барлық зейнетақы активтерi БЖЗҚ-ға бiрiктiрiлген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 6,04 трлн теңгеге жеттi. Бұл ретте 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң құрылған күнiнен бастап (1998 жыл) инвестициялық кiрiстiлiк өсу қорытындысымен — 681,13%, ал инфляция 546,77% болды. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесi қолданысқа енген кезден бастап 2022 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде зейнетақы активтерiнiң нақты кiрiстiлiгi 134,36% .

Айта кету керек, зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар, әрi инвестициялық табыстың мөлшерiн кемiнде 1 (бiр) жыл кезеңiнде талдау орынды. Қысқа мерзiмдi деректер (апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) — айқын нәтиже көрсетпейдi, өйткенi, ол нарықтың құбылмалы өзгерiстерiне тәуелдi.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi ашық болып табылады: әрбiр салымшының өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы немесе мобильдi қосымшадағы жеке кабинеттен көруге мүмкiндiгi бар. Айта кетейiк, зейнетақы активтерiн қайта бағалау апта сайын және айдың соңғы күнi жүргiзiледi.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiнде және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер»/«Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 желтоқсанда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
27 января 2022