БЖЗҚ бүкiл ел бойынша бұрынғы жұмыс кестесiне оралды

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай тәртiбiнiң тоқтатылуына байланысты Қордың елiмiз бойынша кеңселерi бұрынғы кесте бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейiн өз жұмысын қайта бастады.

БЖЗҚ байланыс орталығы 1418 қысқа нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) салымшылар мен алушылардың сауалдарына 9:00-ден 18:00-ге дейiн жауап бередi. Сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрiнде жауап беретiн WhatsАpp және Viber-дегi чат-бот арқылы, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан да да ақыл-кеңес алуға болады.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ қызметтерiн онлайн форматта да алуға болады. Салымшылар БЖЗҚ сайты мен мобильдiк қосымшасындағы жеке кабинетте кез келген уақытта, әрi кез келген жерде қызмет ала алады. Мысалы, бұған жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы, сондай-ақ, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша өтiнiш беру, төлемге өтiнiштiң орындалу мәртебесiн қадағалау және т.б. қызмет түрлерi жатады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
26 января 2022