Степногорск қалалық мәслихатының шешiмiне
2021 жылғы 8 қыркүйектегi № 7С-7/5
1-қосымша
Степногорск қалалық мәслихатының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 6С-58/3 шешiмiне
1-қосымша
Степногорск қаласынд бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындар
Степногорск қаласында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындар:
1. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi жанындағы «Горняк» Орталық мәденниет сарайы» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, 2 шағын аудан, 1 ғимарат.
2. «Ауғаныстан-жауынгерлерiне» момументiнiң жанында орналасқан алаң, 3 шағын аудан.
3. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Республика даңғылы, Тәуелсiздiк даңғылының қиылысынан Парковая көшесiнiң қиылысына дейiн.
4. «Ақмола облысы Бiлiм басқармасы Степногорск қаласы бойынша бiлiм бөлiмiнiң Ақсу кентiнiң № 2 жалпы бiлiм беретiн мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Ақсу кентi, Амантай Қабылденов көшесi, 3 А ғимарат.
5. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Ақсу кентi, Амантай Қабылденов көшесi, Рахымжан Қошқарбаев көшесiнiң қиылысынан Достық көшесiнiң қиылысына дейiн.
6. «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi жанындағы «Рауан» мәдениет үйi»» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң, Бестөбе кентi, Бейбiтшiлiк көшесi, 492 үй.
7. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Бестөбе кентi, Бейбiтшiлiк көшесi, Әбу Шахман Халфе көшесiнiң қиылысынан Мәдениет көшесiнiң қиылысына дейiн.
8. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi жанындағы «Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Заводской кентi, Бейбiтшiлiк көшесi, 11 А үй.
9. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Заводской кентi, Бауыржан Момышұлы көшесi, Сарыарқа көшесiнiң қиылысынан Қаныш Сәтпаев көшесiнiң қиылысына дейiн.
10. Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi жанындағы «Шаңтөбе кентi «Горняк» мәдениет үйi» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң, Шаңтөбе кентi, 1 шағын аудан, 23 үй.
11. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Шаңтөбе кентi, 30 лет Победы көшесi, Спортивная көшесiнiң қиылысынан Филатова көшесiнiң қиылысына дейiн.
12. Республика көшесi бойынша 31 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Изобильный ауылы.
13. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Изобильный ауылы, Қазақстан көшесi, Республика көшесiнiң қиылысынан Төле би көшесiнiң қиылысына дейiн.
14. «Қарабұлақ ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Карабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесi, 24 ғимарат.
15. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесi, Ақан серi көшесiнiң қиылысынан Құлагер көшесiнiң қиылысына дейiн.
16. «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай батыр көшесi, 14 құрылыс.
17. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Қырық құдық ауылы, Мұхтар Әуезов көшесi, Қаныш Сәтпаев көшесiнiң қиылысынан Бөгенбай батыр көшесiнiң қиылысына дейiн.
18. «Ақмола облысы бiлiм басқармасының Степногорск қаласы бойынша бiлiм бөлiмiнiң Бөгенбай ауылының бастауыш мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Бөгенбай ауылдық округi, Бөгенбай ауылы, Мектеп көшесi, 1 ғимарат.
19. Бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Бөгенбай ауылдық округi, Бөгенбай ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, Жеңiс көшесiнiң қиылысынан Желтоқсан көшесiнiң қиылысына дейiн.
Степногорск қалалық мәслихатының шешiмiне
2021 жылғы 8 қыркүйектегi № 7С-7/5
2-қосымша
Степногорск қалалық мәслихатының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 6С-58/3 шешiмiне
2-қосымша
Степногорск қаласында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды пайдалану тәртiбi, олардың шектi толу нормалары, сондай-ақ бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Степногорск қаласында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды пайдалану тәртiбi, олардың шектi толу нормалары, сондай-ақ бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi — Заң) сәйкес әзiрлендi.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де iс-шараларды өткiзу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбiт жиналыстарды өткiзуге жол берiледi.
3. Бейбiт жиналыстар өткiзудi материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жиналған және (немесе) берiлген қаражат пен мүлiк есебiнен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгiленбесе, жүзеге асырады.
4. Степногорск қаласында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындардың шектi толу нормасы:
1) Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi жанындағы «Горняк» Орталық мәденниет сарайы» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорны ғимаратының жанында орналасқан алаң, 2 шағын аудан, 1 ғимарат, шектi толу нормасы 50 адам;
2) «Ауғаныстан-жауынгерлерiне» момументiнiң жанында орналасқан алаң, 3 шағын аудан, шектi толу нормасы 100 адам;
3) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Республика даңғылы, Тәуелсiздiк даңғылының қиылысынан Парковая көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 50 адам;
4) «Ақмола облысы бiлiм басқармасы Степногорск қаласы бойынша бiлiм бөлiмiнiң Ақсу кентiнiң № 2 жалпы бiлiм беретiн мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Ақсу кентi, Амантай Қабылденов көшесi, 3 А ғимарат, шектi толу нормасы 50 адам;
5) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Ақсу кентi, Амантай Қабылденов көшесi, Рахымжан Қошқарбаев көшесiнiң қиылысынан Достық көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 50 адам;
6) «Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi жанындағы «Рауан» мәдениет сарайы»» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң, Бестөбе кентi, Бейбiтшiлiк көшесi, 492 үй, шектi толу нормасы 50 адам;
7) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Бестөбе кентi, Бейбiтшiлiк көшесi, Әбу Шахман Халфе көшесiнiң қиылысынан Мәдениет көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 50 адам;
8) Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi жанындағы «Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Заводской кентi, Бейбiтшiлiк көшесi, 11 А үй, шектi толу нормасы 50 адам;
9) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Заводской кентi, Бауыржан Момышұлы көшесi, Сарыарқа көшесiнiң қиылысынан Қаныш Сәтпаев көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 50 адам;
10) Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене тәрбиесi және спорт бөлiмi жанындағы «Шаңтөбе кентi «Горняк» мәдениет үйi» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорнының ғимараты жанында орналасқан алаң, Шаңтөбе кентi, 1 шағын аудан, 23 үй, шектi толу нормасы 30 адам;
11) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Шаңтөбе кентi, 30 лет Победы көшесi, Спортивная көшесiнiң қиылысынан Филатова көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 30 адам;
12) Республика көшесi, 31 ғимараттың жанында орналасқан алаң, Изобильный ауылы, шектi толу нормасы 20 адам;
13) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Изобильный ауылы, Қазақстан көшесi, Республика көшесiнiң қиылысынан Толе би көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 20 адам;
14) «Қарабұлақ ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесi, 24 ғимарат, шектi толу нормасы 20 адам;
15) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Қарабұлақ ауылы, Сарыарқа көшесi, Ақан серi көшесiнiң қиылысынан Құлагер көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 20 адам;
16) «Степногорск қаласының Қырық құдық ауылы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай батыр көшесi, 14 құрылыс, шектi толу нормасы 20 адам;
17) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Қырық құдық ауылы, Мұхтар Әуезов көшесi, Қаныш Сәтпаев көшесiнiң қиылысынан Бөгенбай батыр көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 20 адам;
18) «Ақмола облысы бiлiм басқармасының Степногорск қаласы бойынша бiлiм бөлiмiнiң Бөгенбай ауылының бастауыш мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ғимараты жанында орналасқан алаң, Бөгенбай ауылдық округi, Бөгенбай ауылы, Мектеп көшесi, 1 ғимарат, шектi толу нормасы 20 адам;
19) бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жүру бағыты: Бөгенбай ауылдық округi, Бөгенбай ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, Жеңiс көшесiнiң қиылысынан Желтоқсан көшесiнiң қиылысына дейiн, шектi толу нормасы 20 адам.
5. Жергiлiктi атқарушы органның келiсiмiнсiз бейбiт жиналыстар ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарда киiз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берiлмейдi.
6. Дәл сол бiр жерде және (немесе) дәл сол бiр жүру маршруты бойынша не дәл сол бiр уақытта бейбiт жиналыс өткiзуге бiр мезгiлде бiрнеше бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушы үмiткер болған жағдайда, көрсетiлген орынды пайдалану кезектiлiгiн жергiлiктi атқарушы орган бейбiт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиiстi хабарламаны немесе өтiнiштi алған уақытын негiзге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтiк қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбiт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берiлетiн қашықтық кемiнде екi метрдi құрайды.
8. Бiр қатысушы өткiзетiн пикеттеудi жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берiлетiн қашықтық кемiнде 100 метрдi құрайды.
9. Бейбiт жиналыстар өткiзiлетiн күнi Степногорск қаласының жергiлiктi уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Степногорск қалалық мәслихатының
2021 жылғы 8 қыркүйектегi № 7С-7/5
шешiмiне 3-қосымша
Степногорск қалалық мәслихатының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 6С-58/3 шешiмiне
3-қосымша
Степногорск қаласында пикеттеудi өткiзуге жол берiлмейтiн iргелес аумақтардың шекаралары
Степногорск қаласы аумағында iргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткiзуге жол берiлмейдi:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) темiржол, су, әуе және автомобиль көлiгi объектiлерiнде және оларға iргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға iргелес жатқан аумақтарда;
4) қауiптi өндiрiстiк объектiлерге және пайдалануы арнайы қауiпсiздiк техникасы қағидаларын сақтауды талап ететiн өзге де объектiлерге iргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық темiржол желiлерiнде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желiсiнде, магистральдық байланыс желiлерiнде және оларға iргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.