Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТI:
1. Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды пайдалану тәртiбiн, олардың шектi толу нормаларын, сондай-ақ бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеудi өткiзуге тыйым салынған iргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/3 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8137 болып тiркелген) шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген шешiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбiт жиналыстар өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы»;
көрсетiлген шешiмнiң 1, 2, 3 қосымшалары жаңа редакцияда осы шешiмнiң 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жазылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысыК. Хабар