Жыл басынан берi БЖЗҚ салымшылары 27 миллионнан астам қызмет алды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың басынан берi (01.01.2021-01.09.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 27,2 миллион қызмет көрсеттi. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 50,8% көп.

Электрондық форматта 19,8 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi, бұл қызметтердiң жалпы көлемiнiң 72,7% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердiң танымалдығы екi есеге дерлiк өстi. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттiң көмегiмен салымшылар қызметтердi қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естерiңiзге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге берiлетiн өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқалар.

Автоматты форматта (мәлiмдемесiз өтiнiштер) 4,7 миллион қызмет көрсетiлдi, ол жалпы көлемнiң 17,2% тең. Мысалы, мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естерiңiзге сала кетейiк, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесiнде бiрiншi жарна келiп түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру МЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады, ал қолданыстағы құжаттың деректемелерi мен тұрғылықты жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады.

Салымшылар шамамен 1,6 миллион қызметтi тiкелей Қордың қызмет көрсету кеңселерiнен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесiнде салымшыларға 1 564 837 қызмет көрсетiлдi, бұл өткен жылмен салыстырғанда 746,4 мың қызметке (немесе 91,2% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елдi мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде көрсетiлетiн қызмет түрлерi бойынша бiрлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2021 жылдың 1 қыркүйегiне пошта операторының бөлiмшелерiнде 11 038 қызмет көрсетiлдi. Ол өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге дерлiк көп. «Қазпошта» бөлiмшелерiнде төмендегi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға болады:

•салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң деректемелерi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру);

•хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн) туралы келiсiмге қол қою.

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлiмдерi де iске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтердi онлайн алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштер) және халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектiгi бар адамдар) туралы өтiнiштердi ресiмдеу үшiн барып қызмет көрсетуге қажеттiлiк туындаған жағдайда, Қор мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 54 144 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерiн ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңiл бөледi. 2021 жылдың 1 қыркүйегiне керi байланыс арналары арқылы салымшылардың өтiнiштерiнiң саны бiр жыл бұрынғы көрсеткiштермен салыстырғанда едәуiр артты. Ағымдағы жылы 1,1 миллионнан аса өтiнiш, ал өткен 2020 жылы барлығы 942 мың өтiнiш қаралды. Осылайша өсiм 18% болды.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) арқылы байланыс орталығында кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестердi www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлi ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
30 сентября 2021