2021 жылдың 23 қыркүйегiндегi жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн пайдалануға берген 438 834 өтiнiшi орындалды. Уәкiлеттi оператор — банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,8 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Бiржолғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы — 4,2 млн теңге.
Орындалған өтiнiштердiң ең көбi Алматы қаласының (16,9%), Маңғыстау облысының (14,0%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» бөлiмiнде салымшылардың бiржолғы зейнетақы төлемдерiн қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлi ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңiрлер бөлiнiсiнде де берiлген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған бiржолғы зейнетақы төлемдерi» және тиiсiнше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған бiржолғы зейнетақы төлемдерi» шағын бөлiмдерi).
Қазiргi уақытта зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн пайдалануға өтiнiштердi қабылдайтын уәкiлеттi операторлар «Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ, «Қазақстан Халық банкi» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ болып табылады. Орындалған өтiнiштердiң едәуiр (орындалған өтiнiштердiң жалпы санының 95,1%) бөлiгi «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ, одан әрi «Қазақстан Халық банкi» АҚ (3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,0%), «Altyn Bank» АҚ (0,04%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,02%) арқылы берiлдi.
Естерiңiзге саламыз, бiржолғы зейнетақы төлемi уәкiлеттi операторда («Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейiн алушы уәкiлеттi операторға бiржолғы зейнетақы төлемдерiнiң нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келiп түскен күннен бастап 45 жұмыс күнi iшiнде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн бiржолғы зейнетақы төлемдерiн пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес), ал басқа уәкiлеттi операторлар бойынша — 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде ұсынады. Уәкiлеттi операторға растаушы құжаттар белгiленген мерзiмде берiлмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Алушы, сонымен қатар көрсетiлген мерзiмдi күтпей-ақ, аударылған соманы уәкiлеттi операторға тиiстi өтiнiш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны уәкiлеттi оператор қайтаруға өтiнiш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде орындауға мiндеттi.
Айта кетейiк, уәкiлеттi операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтiнiш берушiнiң өтiнiшi және өзге де себептер бойынша 240,7 млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебi, қазақстандықтар бiржолғы зейнетақы төлемдерiн белгiленген мерзiмде пайдаланбаған.
Сондай-ақ, БЖЗҚ емделуге берiлген 40,1 млрд теңгеден астам сомаға 43 453 өтiнiштi орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 млн теңгенi құрайды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкiлеттi оператордан («Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ) 6,1 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтiнiш берушiнiң өтiнiшi және өзге де себептер бойынша белгiленген мерзiмде пайдаланылмаған.
Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөнiндегi өзектi статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Емделуге берiлетiн бiржолғы зейнетақы төлемдерi» бөлiмiнен танысуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).