Тақырыбы: « Жеке зейнетақы жоспары — жаңа ұрпақтың трендi »
2021 жылдың 24 қыркүйегiнде БЖЗҚ АҚ «Ашық есiк күнiн» өткiзедi
Қазiргi уақытта барлық зейнетақы жүйесiн дамытудың маңызды мiндеттерiнiң бiрi зейнетақыны жоспарлау болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазiр 25 жасқа толмаған жастар өздерiнiң қарттық шағы туралы сирек ойланады. Алайда уақыт өте тез өтедi. Сондықтан болашақта өз келешегiңiз үшiн салған инвестицияның пайдасын көру үшiн зейнетақыңызды жастайыңыздан жоспарлау қажет.
Биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi өзiнiң жиырма үшiншi туған күнiн атап өтуде. Осы уақыт iшiнде елiмiздiң жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келiп, өсiп-өнуде. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесiнiң қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазiрдiң өзiнде қатысушысы болып үлгерген. Жастар ендi ортақ төлемдердi алмайтын болады. Десек те, олардың болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелерiне қарағанда лайықты зейнетақы алуларына мүмкiндiктерi бар.
Қазiргi жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң толық циклiне қатыса алады. Ол — 40 жыл және одан жоғары уақыт. Бүгiнгi студенттер, ертеңгi жас мамандар үшiн тұрақты жарналар аударумен қатар жұмыс берушiмен жасалатын еңбек шарты және ресми жалақы өздерiнiң болашақта табысқа жетулерiнiң кепiлi екенiн бiлу маңызды.
Iс-шара барысында оған қатысушылар «зейнетақы калькуляторының» көмегiмен, жеке мысал арқылы келешек қарттыққа бүгiнгi күннiң өзiнде қалай әсер етуге болатынына көз жеткiзе алады.
Жастардың үйден шықпай-ақ, iс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесi мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға жауап алуға мүмкiндiктерi болады.
Колледж, жоғары оқу орындарының студенттерiн және жастарды бiздiң iс-шарамызға шақырамыз! Ешкiм де жалықпайтын болады!
«Ашық есiк күнi» онлайн-форматта 24 қыркүйекте өтедi 10:00с., 12:00с. және 15:00 с. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әр қатысушыға сiлтеме бойынша өту керек www.bit.ly/enpfakmo Содан кейiн event-мәжiлiс нөмiрi: 2515 655 2411 мен event-мәжiлiс паролiн енгiзiңiз: 1234.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, барлық ниет бiлдiрушiлердi «Ашық есiк күнiнде» асыға күтедi!