Өтінімдерді қабылдау Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 1 ғимарат мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 30 шілдеден бастап 2021 жылғы 20 тамызға қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылған.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2021 жылғы 08 қыркуйектегі сағат 11.00-де Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 1 ғимарат, 6 қабат, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.
| лот № | Жер учаскесінің орналасқан жері | Жер учаскесінің берілу мақсаты | Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) | Алаңы (га) | Бонитет балы | Топырақ сипаттамасының сапасы | Сумен қамтамасыз етілуі | Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы |
| 1 | Әкімшілік шекараларында Бөгенбай селолық округі | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңыегістік | 1159,411157,0 | 25,125 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылмаған | Өсімдік шаруашылығы |
| 2 | Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңыегістік | 162,53160,0 | 12,2 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылған | Мал шаруашылығы |
| 3 | Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңыегістіксоның ішіндет.ж. жайылым | 1145,21113,9747,0 | 8,67,0 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылмаған | Мал шаруашылығы |
| 4 | Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңы:жайылымдартабиғи жайылымт.ж. жайылым | 523,623447,0230,0 | 13,814,4 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылған | Мал шаруашылығы |
| 5 | Әкімшілік шекараларында Бөгенбай селолық округі | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңыегістіксоның ішінде:суару желісіменшабындықжайылымдарсоның ішінде:т.ж. жайылым | 2555,72175,1962,44,5320,488,0 | 24,926,41917,917,7 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылған | Өсімдік шаруашылығы,мал шаруашылығы |
| 6 | Әкімшілік шекараларында Бөгенбай селолық округі | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңыЕгістікшабындықжайылымдар | 1169,0684,012,5452,6 | 16,613,012,9 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылған | Өсімдік шаруашылығы,мал шаруашылығы |
| 7 | Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңыжайылымдарсоның ішінде:т.ж. жайылым | 1369,21279,0389,0 | 10,718,1 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылған | Мал шаруашылығы |
| 8 | Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңы:егістіктержайлымдар | 391,0371,318,5 | 2525,2 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылмаған | Өсімдік шаруашылығы,мал шаруашылығы |
| 9 | Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында | Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермерлік қожалығын жүргізу | Барлық алаңы:жайылымдарсоның ішінде:т.ж. жайылым | 723,3706,8669,0 | 24,718,4 | Қара-қоңыр топырақ | Суландырылмаған | Мал шаруашылығы |
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.
Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімде Жер Кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуға тиіс.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Степногорск қаласының әкімдігінің http://stepnogorsk.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе «Cтепногорск қаласының ауыл шаруашылығы жән жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 87164561796 телефон нөмірі бойынша алуға болады.