Трансфер-агенттiк қызметтердi енгiзу және дамыту мақсатында БЖЗҚ АҚ Қор бөлiмшiлерi жоқ шалғайдағы елдi мекендерде «Қазпошта» АҚ-мен бiрлесiп, Қор қызметтерiне «Қазпошта» АҚ-ның 32 бөлiмшесiн қосымша қосу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.
Осылайша қазiргi уақытта БЖЗҚ қызметтерiн «Қазпошта» АҚ 347 бөлiмшелерi арқылы алуға болады.
Естерiңiзге сала кетейiк, «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның ұлттық пошта операторының филиалдарында шалғайдағы елдi мекендерде қызмет көрсету жөнiндегi бiрлескен жобасының арқасында Қор салымшылары (алушылары) келесi операция түрлерiн орындай алады:
• салымшының (алушының) қосымша мәлiметтерiн өзгертуге (толықтыруға) өтiнiш беру (жеке куәлiк, телефон нөмiрi, электрондық пошта мен пошталық мекенжайлар);
• ақпараттандыру әдiсiн өзгерту (айқындау) туралы келiсiмге қол қою (оның iшiнде БЖЗҚ АҚ қызметтерiне электронды форматта қол жеткiзу үшiн).
Жалпы алғанда, 2021 жылдың бiрiншi жартыжылдығында «Қазпошта» АҚ-ның бөлiмшелерiнде Қор салымшыларына (алушыларына) өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артық қызмет көрсетiлдi.
БЖЗҚ-ның қосымша деректемелердi өзгерту мен хабарландыру тәсiлдерi туралы қызметтерiн алуға болатын «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерiнiң тiзiмiн Сiз enpf.kz сайтындағы «Байланыс» бөлiмiнен таба аласыз.
Бұл ретте бiз БЖЗҚ қызметтерiнiң көпшiлiгiн, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелердi өзгерту және т.б., ENPF мобильдi қосымшасы мен еnpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы үйден шықпай-ақ алуға болатынын хабарлаймыз.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).