Шаңтөбе кенті әкімі аппаратының 2021 жылғы 2 тоқсандағы бюджеті

«Шантөбе кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылға бюджеті қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-61/8 «2021-2023 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітіліп, кірістер бойынша – 60 112,0 мың теңге, шығындар бойынша – 60 112,0 мың теңгені құрады.

2021 жылғы 6 ай ішінде ЖӨӨБ бюджеті бюджеттік заңнама шеңберінде екі рет нақтыланды - нәтижесінде 6 айдағы бюджет көлемі кірістер мен шығындар бойынша 65 165,8 мың теңгені құрады.

2021-2023 жылдары Шаңтөбе кенті ЖӨӨБ бюджетінің кірістері 3 көз есебінен құрылған. Келесі көздер:

салық түсімдері - төлем көзінен және мүлік салығы салынбайтын жеке табыс салығы; салықтық емес – ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, тұрақсыздық айыбы; трансферттердің түсуі – субвенциялар және ағымдағы мақсаттық трансферттер.

(мың теңге)

Түсімдер 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл
Барлығы 65 165,8 25 162,0 25 610,0
Салық түсімдері, оның ішінде: 4 500,0 3 569,0 3 569,0
Жеке табыс салығы 350,0 385,0 385,0
Мүлік салығы 4 150,0 3 184,0 3 184,0
Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: 630,0 630,0 630,0
ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер 630,0 630,0 630,0
Трансферттердің түсуі, оның ішінде: 56 636,6 19 792,0 18 584,0
Район бюджеттен ағымдағы мақсаттық трансферттер 36 654,6    
субвенция 19 982,0 19 792,0 18 584,0
Пайдаланылатын бюджеттік қаражаттардың қалдығы 3 399,2    

Меншікті кірістер (салық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталдың сатылуынан түсетін түсімдер) 5 130,0 мың теңге сомасында бекітілген.

ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУ

2021-2023 жылдарға Шаңтөбе кенті бюджетінің нақтыланған жоспары құрады:

(мың теңге)

Функционалды топтар бойынша 2021 жыл 2022 жыл 2023 жыл
БАРЛЫҒЫ 65 165,8 25 162,0 25 610,0
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 25 085,8 20 734,0 20 969,0
Білім 2 220,0 2 328,0 2 441,0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 37 860,0 2 100,0 2 200,0

2021 жылдың 6 айындағы бюджеттік шығындар жоспары 46 914,6 мың теңге болғанымен 46 913,7 мың теңге сомаасына орындалды немесе қаржыландыру жоспарына 100,0 %.

Бюджет шығындарының орындалуы келесі деректермен сипатталады:

(мың теңге)

Аталуы 1 тоқсандағы реттелген бюджет 1 тоқсандағы ішінде нақты орындалуы Орындалу % Орындалмау сомасы
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 14 964,5 14 963,7 100 0,8
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1 178,8 1 178,7 100 0,1
Көлік және коммуникация 30 771,3 30 771,3 100 0
Барлығы 46 914,6 46 913,7 100 0,9

келтірілген талдаудан көрінетін нақтыланған (реттелген) бюджеттік қаражаттарының игерілмеген сомасы 0,9 мың теңгені құрады, оның ішінде.

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 14 963,7 мың теңге сомасы, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға – 26,1 мың теңге.

Кент әкімі аппаратымен:

ҚР туы сатып алынды көлемі 6 дана.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 7 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100% орындалды немесе нақтыланған жоспарға 1 178,7 мың теңге.

Шаңтөбе кенті бойынша қаражат келесі іс шараларға бағытталды:

санитарлы тазарту (Шаңтөбе кентінде табиғи қоқыс орындарын шығару – 126 текше м., Шаңтөбе кентінде көшелерді және тротуарларды қолмен және механикалық тазалау – 100 текше м.) 330 мың теңге;

қаланың көшелерін жарықтандыру және жарықтандыру желісіне қызмет көрсету (көше жарықтандыру жүйесін техникалық қызмет көрсету және жөндеу) – 103,7 мың теңге;

зират орындарын ұстау және туысы жоқ тұлғаларды көму (Шаңтөбе к. қоқыс шығару және зират аумағындағы апаттық қоқыс орнынан шығару – 250 шаршы м.) – 315 мың теңге;

елді мекендерді көркейту және көгалдандыру (ескі ағаштардық бөрік басын қалыптау және құлату – 47 бірлік, гүлзарлар мен көгалдарды орналастыру – 1200 шаршы м.) - 430 мың теңге.

«Көлік және коммуникация»12фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 30 771,3 мың теңге. Қала жолдарын ағымдық жөндеу, қаланың көлік жолдарын қамтамасыз ету және ұстау бойынша жұмыстар өткізілді (жолдарды қысқы мезгілде ұстау – кентте ұзындығы 12 км жолдарды қардан тазарту, кент жолдарын ағымдағы жөндеуге смета дайындау, жолдарды орташа жөндеуге техникалық қадағалау).

Дата публикации
03 августа 2021