2021 жылы 27 шілдесінде Ақмола облысы Степногорск қаласы Бестөбе кентінің, Заводской кентінің, Қарабұлақ ауылының, Изобильное ауылының, Бөгенбай ауылдық округінің сайланған әкімдерді тіркеу туралы хабарлама

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45 бабына, 113-11 бабының 1 тармағына сәйкес, өткен сайлау қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде

2021 жылғы "25" шілде Ақмола облысы Степногорск қаласы Бестөбе кентінің, Заводской кентінің, Қарабұлақ ауылының, Изобильное ауылының, Бөгенбай ауылдық округінің әкімдерінің сайлауы

 

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 

1. 1985 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Бестөбе кентінде тұратын Сырым Уалиевич Кабай- Ақмола облысы, Степногорск қаласы Бестөбе кентінің әкімі болып тіркелсін;

 

2. 1966 жылы туған, Степногорск қаласының  "Заводской кенті әкімінің аппараты" ММ әкімі Степногорск қаласында тұратын Мадьяров Марат Есламбекович  - Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Заводской кентінің әкімі болып тіркелсін;

 

3. 1964 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Бестөбе кентінде тұратын Исмагулов Мусулманбек Баукенович- Ақмола облысы, Степногорск қаласы Қарабұлақ ауылы әкімі болып тіркелсін;

 

4. 1981 жылы туған, Степногорск қаласының  "Изобильное ауылы әкімінің аппараты" ММ әкімі, Изобильное ауылында тұратын Джаксыбаев Руслан Шертаевич  - Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильное ауылы әкімі болып тіркелсін;

 

         5. 1978 жылы туған, Степногорск қаласының  "Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі, Бөгенбай ауылдық округінің Байқоныс  ауылында тұратын Утисхан Жанибек  - Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бөгенбай ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін

Дата публикации
27 июля 2021