Хабарлама 2021 жылғы 25 шiлдеде Степногорск қаласының ауыл, ауылдық округтерi әкiмдерiнiң бес сайлау округi бойынша сайлауы өттi.

Степногорск қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Степногорск қаласының ауыл, ауылдық округтерi әкiмдерiн сайлау нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау қорытындыларын белгiледi:

Бестөбе кентi әкiмiн сайлау бойынша

Бестөбе сайлау округi:

Сайлау округi бойынша сайлаушылар тiзiмiне 3595 азамат енгiзiлдi, олардың 3005-i дауыс бердi. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 490, "бәрiне қарсымын" деген жолда белгiсi бар бюллетендер саны — 496.

Әрбiр кандидат үшiн берiлген дауыстар саны:

А.С. Жусупов– 114; С.У.Кабай — 1830; Х.И. Шакенов– 75.

Бестөбе кентiнiң әкiмi болып Қабай Сырым Уәлиұлы сайланды, 1985 жылы туған, уақытша жұмыс iстемейдi, Бестөбе кентiнде тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.

Заводской кентi әкiмiн сайлау бойынша

Заводской сайлау округi:

Сайлау округi бойынша сайлаушылар тiзiмiне 2561 азамат енгiзiлдi, олардың 595-i дауыс бердi. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 12, "бәрiне қарсымын" деген жолда белгi қойылған — 13.

Әрбiр кандидат үшiн берiлген дауыстар саны:

Ж.К. Искаков– 45; М.Е. Мадьяров.– 512; Р.Д. Сулейменова– 13.

Заводской кентiнiң әкiмi болып Марат Есламбекұлы Мадьяров сайланды, 1966 жылы туған, Заводской кентiнiң әкiмi, Степногорск қаласында тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.

Қарабұлақ ауылы әкiмiнiң сайлауы бойынша

Қарабұлақ сайлау округi:

Сайлау округi бойынша сайлаушылар тiзiмiне 739 азамат енгiзiлдi, оның 338-i дауыс бердi. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 4, "бәрiне қарсымын" деген жолда белгiсi бар бюллетеньдер саны — 49.

Әрбiр кандидат үшiн берiлген дауыстар саны:

М.Б.Исмагулов — 164; С.В Кубрина. — 105; Ф.М. Шаракаев– 16.

Қарабұлақ ауылының әкiмi болып Исмағұлов Мұсұлманбек Баукенұлы сайланды, 1964 жылы туған, уақытша жұмыс iстемейдi, Бестөбе кентiнде тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.

Изобильный ауылы әкiмiн сайлау бойынша

Изобильный сайлау округi:

Сайлау округi бойынша сайлаушылар тiзiмiне 345 азамат енгiзiлдi, олардың 334-i дауыс бердi. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 22, "барлығына қарсы" деген жолда белгi қойылған-16.

Әрбiр кандидат үшiн берiлген дауыстар саны:

Ж. С.Бектасова — 14; Р.Ш.Джақсыбаев — 263; А.Ш.Кауданбаева — 19.Изобильное ауылының әкiмi болып Руслан Шертайұлы Джақсыбаев сайланды, 1981 жылы туған, Изобильное ауылының әкiмi, Изобильное ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.

Бөгенбай ауылдық округi әкiмiнiң сайлауы бойынша

Бөгенбай ауылдық сайлау округi:

Сайлау округi бойынша сайлаушылар тiзiмiне 354 азамат енгiзiлдi, олардың 354-i дауыс бердi. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 55, "бәрiне қарсымын" деген жолда белгi қойылған-13.

Әрбiр кандидат үшiн берiлген дауыстар саны:

Г.Б.Мукужанов– 4; Ж.Утисхан — 134; С.Шаметай — 133.

Бөгенбай ауылдық округiнiң әкiмi болып Өтiсхан Жәнiбек сайланды, 1978 жылы туған, Бөгенбай ауылдық округiнiң әкiмi,Бөгенбай ауылдық округiнiң Байқоныс ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы ұсынған.

Степногорск қалалық сайлау комиссиясы " Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шiлдедегi шешiмiмен 2021 жылғы 25 шiлдеде сайланған Степногорск қаласының ауыл, ауылдық округтерiнiң әкiмдерiн тiркедi.

Степногорск қалалық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июля 2021