Ағымдағы жылдың 25 шiлдесiнде Степногорск өңiрiнде және бүкiл Ақмола облысында ауыл, кент және ауылдық округ әкiмдерiн сайлау өтедi. Ақмола облыстық сайлау комиссиясының деректерi бойынша Ақмола облысында 95 әкiм, оның iшiнде Степногорск өңiрiнде 5 әкiм ауыса алады.
Бiздiң өңiрде сайлау Бестөбе, Заводской кенттерiнде, Қарабұлақ, Изобильное ауылдарында және Бөгенбай ауылдық округiнде өтедi. Алдағы сайлаудың ерекшелiгi-бұл сайлауға ауыл және ауылдық округ тұрғындарының тiкелей қатысуы. Бұған дейiн заңнамаға сәйкес қалалық (аудандық) мәслихаттардың депутаттары таңдаушылар ретiнде әрекет еткен болатын. Халықтың сайлау процесiне тiкелей қатысуы оның нәтижелерi үшiн ерекше жауапкершiлiк жүктейдi және тұрғындарға өз ерiктерiн тiкелей бiлдiруге мүмкiндiк бередi.
Сондай-ақ осы сайлау процесiнiң ерекшелiгi заңда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиялардан кенттердiң, ауылдардың және ауылдық округтердiң әкiмдiгiне кандидаттар ұсыну болып табылады, сонымен қатар, ауыл (кент) әкiмiнiң лауазымына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн адамдар сайлау комиссиясына қажеттi құжаттар пакетiн ұсына отырып, өз кандидатураларын ұсына алады. Кенттер (ауылдар) әкiмдiгiне кандидаттарды ұсыну рәсiмi 26 маусымда басталды және 2021 жылғы 9 шiлдеде сағат 18.00-де аяқталады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiне Кандидат өзiн-өзi ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиiстi сайлау округi сайлаушыларының жалпы санының кемiнде бiр процентi дауысымен қолдау табуы тиiс. Сайлаушыларды қолдау олардың қолдарын жинаумен куәландырылады.
Кандидатты қолдау үшiн қол жинауды сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және кандидат заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексергеннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрмей тиiсiнше аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi. Толтырылған қол қою парақтары тиiсiнше аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына тапсырылады, ол үш күн мерзiмде паспорт қызметтерiнiң қызметкерлерiн тарта отырып, жиналған қолдардың дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады және тиiстi хаттаманы ресiмдейдi.
Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк ретiмен Тегi, Аты, Әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетiлсе) көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар және "барлығына қарсы"деген жол енгiзiледi.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiн сайлау кезiнде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.
Құрметтi Бестөбе, Заводской кенттерiнiң, Қарабұлақ, Изобильное ауылдарының және Бөгенбай ауылдық округiнiң тұрғындары, сiздердi алдағы сайлауға белсендi қатысуға және 2021 жылғы 25 шiлдеде дауыс беру күнi өз еркiңiздi бiлдiруге шақырамыз.
Ербол Сейтмағанов,
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасының орынбасары