Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды.

Степногорск қаласы бойынша 5 сайлау округінде барлығы 19 кандидат ұсынылды, оның ішінде 6 (32%) – саяси партиялармен, 13 (68%) - өзін-өзі ұсынумен.

Саяси партиялар барлық бес округ бойынша кандидатураларын ұсынды: «Nur Otan» партиясы - 5 кандидат, НПК – 1 кандидат.

Орташа бәсекеге қабілеттілік -4 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарын белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат) заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 5 кандидат тіркелді (26%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес тіркеудің қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
10 июля 2021