Степногорск қаласы ауылдардың,кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Степногорск қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Степногорск қаласында 2021 жылғы 25 шілдеде сайлау тағайындалсын:

- Бестөбе кентінің әкімін;

- Заводской кентінің әкімін;

 - Қарабұлақ аулының әкімін;

-  Бөгенбай ауылдық округінің әкімін;

-  Изобильный ауылының әкімін.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Степногорск қаласының ауыл,кент және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Степногорск қалалық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және "Вечерний Степногорск" қалалық газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                              Т.Семенюк   

 

Сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                     Н.Бельгибаева

 

 

Дата публикации
25 июня 2021