Степногорск қаласында «Жомарт жүрек» сыйлық иегерлерінің құттықтауын өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Степногорск қаласында «Жомарт жүрек» сыйлық иегерлерін құттықтау бойынша конкурс үміткерлерінің өтінімдерін қарау жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылсын.
  2. Қоса берілген  ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
  3. Степногорск қаласында номинациялар бойынша «Жомарт жүрек» сыйлық иегерлерін анықтау жөнінде Сараптамалық кеңес құрылсын.
  4. Қоса берілген  сараптамалық кеңестiң құрамы бекітілсін.
  5. Қоса берілген  «Жомарт жүрек»  сыйлық  иегерлерін құттықтау туралы ережесі бекітілсін.
  6. Осы қаулының  орындалуын бақылау  Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қаласының  әкімі                                                    Е. Баяхметов

Дата публикации
14 июня 2021