«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» Қайырымдылық саласындағы сыйлық туралы ереже

Степногорск қаласы әкімінің

2021 жылғы «__»__________

№____________қаулысымен бекітілді

 

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК»

Қайырымдылық саласындағы сыйлық туралы ереже

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.«Жомарт-Жүрек» сыйлық иегерлерін құттықтау (бұдан әрі - құттықтау) шарттары мен тәртібі, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету, жеңімпаздарды марапаттау Осы Ережеде анықталады.

2. Құттықтаудың мақсаты - халықты, бизнес-құрылым өкілдерді, меценаттарды, ҮЕҰ мен еріктілерді ынталандыру, көтермелеу және уәждемелеу кіші отанның дамуына қатыстыру, азаматтық белсенділігінің үздік тәжірибелерін көбейту, қайырымдылық идеяларын, меценаттық пен филантропияны насихаттау болып табылады.

 

2. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР "Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесосы Ереженің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1. кіші отан – аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;

2. кіші отанды қолдау-патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;

3. қайырымдылық-қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;

4. қайырымдылық бағдарламасы-қайырымдылық көмекті жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін қамтитын шаралар жүйесі;

5. қайырымдылық жасаушы - қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші, және (немесе) меценат, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсететін адам;

6. меценаттық қызмет - білімді, мәдениетті, өнерді, спорт шеберлігін дамытуда, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауда ізгі ниет негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызмет;

7. филантропиялық қызмет - қоғам мен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жеке ресурстарын бөлуге негізделген жеке тұлғаның ерікті қызметі.

 

3. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ҚҰТТЫҚТАУЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

1) Туған өлкенің әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі шаралар қабылдауға өңірлер тумаларын тарту;

2) Әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға табысты тәжірибені көбейту;

3) Ең жарқын және маңызды қоғамдық бастамаларды республикалық және жергілікті деңгейлерде іске асыру және тарату үшін табысты тәжірибені жинақтау және тарату;

4) Қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың қатысу деңгейін арттыру;

5) Әлеуметтік маңызды жобаларды білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларда іске асыру.

 

4. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ҚҰТТЫҚТАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

4.1. Іріктеу екі кезеңнен тұрады:
    1) өтінімдерді қабылдау;
    2) сараптамалық бағалау және номинациялау.

4.2. Өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, оның әлеуметтік желілердегі (бар болса) ресми аккаунттарында, сондай-ақ тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында маусымның екінші онкүндігінде орналастырылады.

4.3. Өтінімдер ұйымдастырушыға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша 20 маусымнан 15 шілдеге дейін жіберіледі. Өтінімдерді номинацияға үміткер жеке және заңды тұлғалардың өздері, сондай-ақ белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаны номинациялауға өтініш білдірген өзге де заңды тұлғалар енгізе алады. Бір өтініш беруші тек бір номинант үшін және тек бір номинация бойынша өтініш бере алады.

4.4. Ұйымдастырушы (жергілікті атқарушы орган) өтінімдерді осы Ереженің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және әрбір номинация бойынша номинанттардың тізімін қалыптастырады.

4.5. Номинанттардың өтінімдерін бағалау үшін ұйымдастырушы сараптамалық кеңес құрады.

 


5. «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҚТЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ 1."Жомарт жүрек" сыйлығының иегерлері келесі номинациялар бойынша анықталады:

 

№ Номинацияның атауы Сипаттама
1 «Жыл меценаты» Белсенді меценаттық қызметі үшін. Сыйлық лауреаттары жеке тұлғалар ғана бола алады
2 «Туған өлке» Кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін
3 «Жыл тұлғасы» Белсенді филантропиялық қызметі үшін. Лауреаттар тек жеке тұлғалар бола алады
4 «Жылдың үздік ұйымы» Қайырымдылық бағдарламаны тиімді іске асыру үшін
5 «Жылдың үздік қамқоршысы» Әлеуметтік маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі үшін, қайырымдылық көмегі үшін

№1 қосымша«Жомарт жүрек» сыйлығыныңлауреаттарын құрметтеутуралы Ережеге

 

«Жомарт жүрек» сыйлығын алуға өтінім 1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін)/ тегі, аты, әкесінің аты(бар болса) (жеке тұлғалар үшін):__________________________________________________________________ 2.Номинанттың байланыс деректері:_____________________________ 3.Номинация:________________________________________________ 4. Номинанттың соңғы 12 айдағы қайырымдылық қызметінің сипаттамасы:_______________________________________________________ 5. Өтінім беруші тұлғаның (заңды тұлғалар үшін)/ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке тұлғалар үшін) толық атауы: _________________________________________________________________

Дата публикации
14 июня 2021