ПХД қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысты

ПХД қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу мәселесі бойынша
қоғамдық тыңдауларға қатысты

2021 жылғы 14 маусымда сағат 11:00-де Степногорск қаласында «Тоңазытқыш/климаттық жабдықтарды қайта өңдеу және озонды бұзатын заттардың/тұрақты органикалық ластағыштардың қалдықтарын термиялық жою жөніндегі өнеркәсіптік кешен салу» жұмыс жобасына қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы бойынша «ZOOM» платформасы арқылы қоғамдық тыңдау өтті.

2019 жылғы қарашада Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) бағалау комиссиясы - Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісім бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі Ұйымы (БҰҰӨҰ) Қазақстан Республикасында өндірістік қуаттарды енгізу және жоғарыда көрсетілген жоба бойынша кешен салу үшін әріптес ретінде Степногорск қаласының «ЭкоЛюкс-Ас» ЖШС болып анықталды.

Алдын ала сараптамалық бағалау бойынша құрамында полихлорланған дефенил (ПХД) бар қалдықтарды залалсыздандыру және термиялық жою жөніндегі кешенді салу кезінде қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктер анықталды, атап айтқанда, осы жердің гидрогеологиялық, геологиялық, топырақтық зерттеулері ескерілмеді, объектінің әскери бөлімге жақын болуы, «жел соғындылары» зерттеуінің болмауы.

Сонымен қатар, баяндалғанды, сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, Степногорск қаласының аумағында осы жобаны іске асырудан бас тартылады.

Дата публикации
14 июня 2021