Азаматтардың сот төрелiгiн iске асыруға қатысуы!

Қазақстанда алқабилердiң қатысуымен соттар алғаш рет 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастады. Сол кезде ҚР облыстық соттары аса ауыр қылмыстар бойынша iстердi қарау кезiнде сотталушының қалауы бойынша алқабилердiң қатысуымен сот талқылауларын жүргiзе бастады.

2009 жылдан бастап Президенттiң Жарлығымен қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды.

Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттар алқабилердiң қатысуымен жасалғаны үшiн қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстердi қарайды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер қатысатын соттардың соттауына ерекше ауыр қылмыстар туралы iстер жатады, бұған: төтенше жағдайларда және жаппай тәртiпсiздiктер барысында жасалған кiсi өлтiру туралы; бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, мемлекеттiң конституциялық құрылысы негiздерi мен қауiпсiздiгi туралы; террористiк және экстремистiк қылмыстар; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар туралы iстер жатпайды. Осылайша, алқабилердiң қатысуымен сот iсiн жүргiзу санының өсуi күтiлуде.

Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адам соттың iстi алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы сот алдында өтiнiшхат беруге құқылы.

Алқабилер деген не екенiн түсiндiргiм келедi!

Алқаби-белгiленген талаптарға сай келетiн, қылмыстық iстi қарауға қатысу үшiн сотқа шақырылған, сондай-ақ алқабилер алқасын қалыптастыру рәсiмiнен өткен және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде, "Алқабилер туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 121 Заңында белгiленген тәртiппен қылмыстық iс бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыруға қатысу жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген.

Жергiлiктi жерлерде жергiлiктi атқарушы органдар жыл сайын қалыптастыратын алқабиге кандидаттардың тiзiмiне енгiзiлген азамат ғана алқаби бола алады.

Алқабилер кандидаттары тарапынан мынадай сұрақтар қойылады: алқабилердi iрiктеудi кiм және қандай негiзде жасайды?

Бұл сұраққа жауап бере отырып, "Алқабилер туралы" ҚР Заңымен алқабиге кандидаттарды iрiктеудi тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген сот төрағасының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Заң бойынша жергiлiктi атқарушы органдар кандидаттардың бастапқы, бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерiн жасауға мiндеттi. Оларды жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға азаматтардың сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға құқылы.

Егер азаматтар келiспесе, олар жергiлiктi атқарушы органдарға нақты адамдарды алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы немесе алдын ала қосалқы тiзiмдерiне заңсыз енгiзу немесе енгiзбеу не оларды осы тiзiмдерден алып тастау туралы, сондай-ақ алқабиге кандидаттар туралы деректерде жiберiлген дәлсiздiктер туралы арызбен тәртiппен жүгiнуге құқылы.

Айта кетейiк, "Алқабилер туралы" ҚР Заңының 10-бабына сәйкес алқабиге кандидаттардың тiзiмiне адамдар енгiзiлмейдi:

алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған;

өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар;

сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар;

судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi;

психикалық, мiнез-құлықтық, оның iшiнде психикаға белсендi әсер ететiн заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебi бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгiзiлмейдi.

Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi.

Алқабилердiң, оның iшiнде қосалқы алқабилердiң ҚР ҚПК бабына сәйкес мынадай құқықтары бар:

- iстiң мән-жайын өзiнiң iшкi сенiмi бойынша өз бетiнше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға құқылы;

- төрағалық етушi арқылы процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға;

 — заттай дәлелдемелердi, құжаттарды қарауға, жергiлiктi жер мен үй-жайды қарап-тексерудi жүргiзуге, сот тергеуiндегi барлық басқа да iс-әрекеттерге қатысуға құқылы;

 — төрағалық етушiге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етiлген құжаттардың мазмұнын және iске қатысты оған түсiнiксiз басқа да мәселелер бойынша түсiнiктеме алу үшiн жүгiнуге құқылы;

 — сот отырысы кезiнде жазбаша ескертпелер жасауға құқылы.

Алқаби мiндеттi:

 — сот отырысында тәртiптi сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;

 — егер сот отырысында үзiлiс жарияланса немесе iстi тыңдау кейiнге қалдырылса, алқабидiң мiндеттерiн орындау үшiн, сондай-ақ сот талқылауын жалғастыру үшiн сот көрсеткен уақытта келуге;

 — сотқа келу мүмкiн болмаған жағдайда төрағалық етушiнi келмеу себептерi туралы алдын ала хабардар ету.

Алқабилердiң құқығы жоқ:

- iстi тыңдау кезiнде сот отырысы залынан шығуға;

- iс бойынша iстi тыңдау кезiнде соттың құрамына кiрмейтiн адамдармен төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз байланысқа түсуге;

- iстi сот отырысынан тыс талқылау барысында мәлiметтер жинау;

- жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы.

"Алқабилер туралы" Қазақстан Республикасының осы Заңымен сот отырысының басталу орны мен уақыты туралы хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге мiндеттi.

Егер алқабиге кандидат дәлелсiз себеппен сотқа келуден жалтарған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 655-бабы бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн. Алқабиге кандидаттардың өз мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн лауазымды адам ҚК-нiң 436-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады.

Алқабидiң қарызын орындаудың оң жақтары да бар. Алқабиге облыстық және оған теңестiрiлген соттың қызметiн материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган нақты iс қаралып болғаннан кейiн, ал егер iстi қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебiнен аудандық сот және оған теңестiрiлген сот судьясының (1 жылға дейiн өтiлi бар) лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнiнiң санына) барабар, оның негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төленедi.

Әдiл шешiм қабылдауда алқабилердiң үкiмi үлкен рөл атқарады!

Ақмола облысының қылмыстық

iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-

сот отырысының хатшысы —

Исакова А.Ж.

Дата публикации
31 мая 2021