Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.«Мерейлi отбасы» ұлттық конкурсын өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Мерейлi отбасы» ұлттық конкурсын өткiзу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi А. Мамин