Бестөбе кентінің 2020 жылға арналған Азаматтық бюджеті

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 04 желтоқсандағы №276-VI ҚРЗ "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) ең төменгі жалақы мөлшері - 42 500 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 16 839 теңге;

3) ең төменгі зейнетақы мөлшері - 38 636 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге.

Жергілікті бюджеттің түсімдері мен шығыстары

Түсімдер

Облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді ескере отырып, 2020 жылға арналған жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемі 81 534,8 мың теңге көлемінде нақтыланды, оның ішінде 23 176,0 мың теңге субвенцияға және 51 243,0 мың теңге - нысаналы трансферттерге келеді. 2020-2022 жылдарға арналған жергілікті бюджет бекітілді (Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №6С-48/9 «2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешімімен), Степногорск қалалық мәслихатының 12.03.2020 жылғы №6С-49/3, 30.09.2020 жылғы №6С-57/3, 12.11.2020 жылғы №6С-59/3 шешімімен 3 рет бюджет нақтыланды.

мың теңге

Түсімдер 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
Барлығы 99 446,9 96 660,0 29 736,0
Салықтық түсімдер, оның ішінде: 22 629,2 12 846,0 13 468,0
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 4 955,7 956,0 1 004,0
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 105,6 80,0 84,0
Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 172,6 175,0 184,0
Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 1 081,2 1 135,0 1 190,0
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық 16 314,1 10 500,0 11 006,0
Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: 108,7 0,0 0,0
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0,0 0,0 0,0
Трансферттер түсімі, оның ішінде: 74 419,0 65 901,0 16 268,0
Берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 51 243,0 49 652,0 0
Субвенция 23 176,0 16 249,0 16 268,0
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 0 0
Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 0 0
Қарыздар түсімі 0 0 0
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 2 290,0 17 913,0 0

Кент бюджетін орындау қорытындысы келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:

Түсімдер жоспары жалпы 468,9 % орындалды, бюджетке 22 629,2 мың теңге түсті немесе жоспар 17 803,2 мың теңге асыра орындалды.

Трансферттер түсімі 100 % немесе 23 176,0 мың теңге құрады.

Кент бюджеттінің кіріс бөлігі 2020 жылы 5 көз есебінен қалыптасты. Негізгі көздер төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыс салығы және жеке тұлғалардың көлік салығы болып табылады, олардың меншікті кірістерінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы – 94,0 % құрайды.

Меншікті кірістер (салықтық, салықтық емес түсімдер) 4 826,0 мың теңге сомасында бекітілді, ұлғайту және азайту жағына түзетуді орындау барысында жүргізілген жоқ.

Салықтың барлық түрлері бойынша жылдық жоспар асыра орындалды.

01.01.2021 жылға бюджет қаражатының қалдықтары 0,8 мың теңгені құрады.

 

ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАУ

Бюджеттің шығыс бөлігі 81 534,8 мың теңге жоспары барысында 81 534,0 мың теңге сомасында немесе қаржыландыру жоспарына 100,0 % орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы келесі деректермен сипатталады:

(мың теңге)

Атауы Бір жылға түзетілген бюджет Бір жыл бойынша нақты орындау Орындау % Орындалмау сомасы
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 26 150,2 26 149,4 100 -0,8
Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы 6 494,4 6 494,4 100 0
Көлік және коммуникациялар 48 890,2 48 890,2 100 0
Барлығы 81 534,8 81 534,0 100 -0,8

 

1 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша бюджет шығындары 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 26 149,4 мың теңге сомасында, оның ішінде материалдық-техникалық жарақтандыруға – 17,1 мың теңге.

Кент әкімінің аппаратымен ҚР туы - 4 дана сатып алынды.

7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша бюджет шығындары нақтыланған жоспарға 100 % немесе 6 494,4 мың теңгеге орындалды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарға келесі іс-шараларға қаражат жұмсалды:

санитарлық тазалау (стихиялық қоқыстарды жою) - 2 000,0 мың теңге;

елді мекеннің көшелерін жарықтандыру (кенттің жарықтандыру желісін ағымдағы жөндеу және түнгі уақытта кент көшелерін жарықтандыруды қамтамасыз ету) – 4 494,4 мың теңге.

 

Бюджет шығындары 12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 48 890,2 мың теңге.

Көлік және коммуникацияға келесі іс-шараларға қаражат бағытталды:

кенттің автомобиль жолдарын күтіп ұстау және қамтамасыз ету бойынша жұмыстар (жолдарды қиыршық тас төгу, және кент жолдарын орташа жөндеу) – 48 890,2 мың теңге.

Дата публикации
01 марта 2021