Изобильный ауылы әкімі аппаратының 2020 жылғы бюджетің орындалуы

«Степногорск қаласының Изобильный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға бюджеті қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-48/9 «2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітіліп, кірістер бойынша – 17 028,0 мың теңге, шығындар бойынша – 17 028,0 мың теңгені құрады.

2020 жылдың ЖӨӨБ бюджеті бюджеттік заңнама шеңберінде үш рет нақтыланды - нәтижесінде есепті жылдың соңына бюджет көлемі кірістер мен шығындар бойынша 21 846,3 мың теңгені құрады.

Ауыл бюджеті орындалуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

2020 жылдың 31 желтоқсанына жоспардың орындалуы 101,3 %, бюджетке 22 129,8 мың теңгені түсті және жоспар 283,5 мың теңгеге асыра орындалды.

Трансферттердің түсуі 100% немесе 21 177,3 мың теңгені құрады.

2020 жылы Изобильный ауылының ЖӨӨБ бюджетінің кірістері 3 көз есебінен құрылды. Келесі көздер:

салық түсімдері - төлем көзінен және мүлік салығы салынбайтын жеке табыс салығы; салықтық емес – ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден және басқа да салық емес түсімдер; трансферттердің түсуі – субвенциялар және ағымдағы мақсаттық трансферттер.

(мың теңге)

Түсімдер 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
Барлығы 21 846,3 19 097,0 16276,0
Салық түсімдері, оның ішінде: 283,5 301,0 316,0
Жеке табыс салығы 0 0 0
Мүлік салығы 283,5 301,0 316,0
Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: 385,5 0 0
ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер 97,4    
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, тұрақсыздық айыбы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығындар сметасы) ұсталатын және қаржыландырылатын 290,1    
Трансферттердің түсуі, оның ішінде: 21 177,0 18 796,0 15960,0
бюджеттен ағымдағы мақсаттық трансферттер 4812,3 500,0  
субвенция 16 365,0 18 296,0 15 960,0
Пайдаланылатын бюджеттік қаражаттардың қалдығы      

Меншікті кірістер (салық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталдың сатылуынан түсетін түсімдер) 313,0 мың теңге сомасында бекітілген, орындалу кезінде 356,0 мың теңгеге есейтілген және 669,0 теңгені құрады.

Салықтардың негізгі түрлері бойынша жылдық жоспар асыра орындалды.

Бюджет қаражатының бос қалдықтары 01.01.2021 жылға 284,3 мың теңгені құрады.

ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУ

2020-2022 жылдарға Изобильный ауылы бюджетінің нақтыланған жоспары құрады:

(мың теңге)

Функционалды топтар бойынша 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
БАРЛЫҒЫ 21 846,3 19 097,0 16 276,0
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 18716,3 13 727,0 13 692,0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1 930,0 3 570,0 1 284,0
Көлік және коммуникация 1 200,0 1 800,0 1300,0

Бюджеттік шығындар жоспары 21 846,3 мың теңге болғанымен 21 845,5 мың теңге сомасында орындалды немесе қаржыландыру жоспарына 100,0 %.

Бюджет шығындарының орындалуы келесі деректермен сипатталады:

(мың теңге)

Аталуы Жылға реттелген бюджет Жыл ішінде нақты орындалуы Орындалу % Орындалмау сомасы
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 18 716,3 18 715,5 100 0,8
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 1 930,0 1 930,0 100 0
Көлік және коммуникация 1200,0 1200,0 100 0
Барлығы 21 846 ,3 21 845,5 100 0, 8

келтірілген талдаудан көрінетін нақтыланған (реттелген) бюджеттік қаражаттарының игерілмеген сомасы 0,8 мың теңгені құрады, дөңгелектеу есебінен қалдық.

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 18 715,5 мың теңге сомасы, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға – 468,4 мың теңге.

Ауыл әкімі аппаратымен:

Аншлагтар орнатылды (көше атаулары мен нөмірлері бар белгілер) – 487,5 мың теңге

Иесіз объектілердің техникалық паспорты мен жер куәлігі дайындалды (қазіргі уақытта құжаттар тіркеу кезеңінде) - 1 464,7 мың теңге.

-1 дана мөлшерінде ҚР туы;

«Parus-Kaz» бюджеттік қаржыландыру бағдарламалық өнім;

Мемлекеттік органдарға арналған 1С бухгалтерлік бағдарламалық өнім;

Anivirus Kaspersky -1 бағдарламалық жасақтамасы сатылып алынды

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 7 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100% орындалды немесе нақтыланған жоспарға

1 930, мың теңге.

Изобильный ауылы бойынша қаражат келесі іс шараларға бағытталды:

санитарлы тазарту ( қоқыс орындарын тазарту -1545 тонна шығарылды.) -1 000,0 мың теңге;

ауылдың көшелерін жарықтандыру ( 16 дана күн сәулесінен қуат алатын шамдар сатып алынды және орнатылды) – 680,0 мың теңге;

елді мекендерді көркейту және көгалдандыру (балалар ойын алаңдарын абаттандыру жұмыстары - 250,0 мың теңге.

«Көлік және коммуникация»12фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 1 200,0 мың теңге. Ауылдың жолдарын қамтамасыз ету және ұстау бойынша жұмыстар өткізілді

(қысқы мезгілде ауылдың жолдарын қардан тазартуға. арнайы техника қолданылды,120 сағат жұмыс) – 1 200,0 мың теңге.

Дата публикации
04 февраля 2021