Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығымен
бекiтiлген
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша, мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтердi және бiлiм және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары
Ескерту. Қағидалары мен шарттары жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 14.05.2020 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша, мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтердi және бiлiм және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi — Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнiң 139-бабының 7-тармағына, "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша, мамандандырылған және арнайы бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтердi аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) апелляция — ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы берiлетiн ұлттық бiлiктiлiк тестiлеу нәтижелерiн қайта қарауға педагогтiң сұрау салуы;
2) аттестаттау комиссиясы — педагогтердi аттестаттау рәсiмiн жүргiзетiн уәкiлеттi алқалы орган (бұдан әрi — комиссия);
3) апелляцияларды қарау жөнiндегi республикалық комиссия (бұдан әрi — республикалық апелляциялық комиссия) — бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган құратын комиссия, ол педагогтер ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешiм қабылдайды;
4) бiлiктiлiк санаты — осы Қағидаларда және Педагогтерге бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) қағидаларында айқындалатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн педагогтердiң кәсiптiк құзыреттiлiк деңгейi;
5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен немесе өтiнiш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi;
6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;
7) педагог — тиiстi бейiн бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсiптiк бiлiмi бар және педагогтiң бiлiм алушыларды және (немесе) тәрбиеленушiлердi оқыту және тәрбиелеу, әдiстемелiк сүйемелдеу немесе бiлiм беру қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi кәсiптiк қызметiн жүзеге асыратын, "Педагог лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығына сәйкес көрсетiлген лауазымдарды атқаратын тұлға;
8) Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеу — бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлеген тестiлер бойынша педагогтердiң кәсiби құзыреттiлiк деңгейiн айқындау мақсатында өткiзiлетiн рәсiм.
2-тарау. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша, мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтердi және бiлiм және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттары
3. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша, мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында лауазымдар атқаратын педагогтердi аттестаттау (бұдан әрi — педагог) мынадай кезеңдердi қамтиды:
педагогтер үшiн:
1) Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеу;
2) бiлiктiлiк санатын беру (растау) рәсiмi;
бiлiм беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшiн:
1) бiлiктiлiк бағалау;
2) қызметтiң қорытындыларын кешендi талдамалық жинақтау.
бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн:
1) Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеу;
2) бiлiктiлiк бағалау;
3) қызметтiң қорытындыларын кешендi талдамалық жинақтау.
4. Педагогтердi аттестаттау бес жылда кемiнде бiр рет, бiлiм беру ұйымдарының басшыларын — "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бiр рет өткiзiледi.
5. Педагогтер аттестаттаудан өту үшiн ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын ұйымға өтiнiш беру жолымен тапсырады және ұлттық бiлiктiлiк тестiлеуден электрондық форматта өтедi.
6. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеу педагог өтiнiшiнде көрсетiлген мерзiмде өткiзiледi.
7. Педагогтердiң өтiнiштерiн қабылдау кемiнде күнтiзбелiк 15 күн бұрын, бiлiм беру ұйымдары басшыларының өтiнiштерiн қабылдау тестiлеу басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк 30 күн бұрын жүргiзiледi.
8. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеуден өтуге өтiнiш берген кезде педагогтер тапсыру тiлiн (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжiк), күнiн, уақытын таңдайды және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын ұйым дайындайтын ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi өткiзу жөнiндегi нұсқаулықпен танысады.
9. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеу:
1 (бiр) рет — тегiн,
қайта 1 рет және сынақ (педагогтiң қалауы бойынша) — күнтiзбелiк жыл iшiнде ақылы негiзде,
бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн — ақылы негiзде тиiстi күнтiзбелiк жылдың 1 айлық есептiк көрсеткiшi (АЕК) мөлшерiнде өтедi.
10. Өтiнiш деректер базасына енгiзiлгеннен кейiн осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестiлеуге рұқсаттама берiледi.
11. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеу келесi тест тапсырмаларынан тұрады:
1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтерi үшiн:
"Мектепке дейiнгi педагогика және психология" — отыз тапсырма;
"Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту әдiстемесi" — отыз тапсырма;
2) Жалпы орта бiлiм беру педагогтерi үшiн:
"Педагогика, оқыту әдiстемесi" — отыз тапсырма;
"Оқу пәнiнiң мазмұны" — жетпiс тапсырма;
Бастауыш бiлiм беру педагогтерi тестiлеудi қазақ немесе орыс тiлi (оқыту тiлi), әдеби оқу, математика пәндерi бойынша тапсырады.
3) Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары үшiн:
Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша педагогтер:
"Педагогика, оқыту әдiстемесi" — отыз тапсырма;
"Оқу пәнiнiң мазмұны" — жетпiс тапсырма;
Арнайы пәндер бойынша педагогтер:
"Педагогика, оқыту әдiстемесi" — отыз тапсырма;
"Қызмет бағыты бойынша" — жетпiс тапсырма;
Өндiрiстiк оқыту шеберлерi:
"Педагогика, оқыту әдiстемесi" — отыз тапсырма;
"Қызмет бағыты бойынша" — отыз тапсырма;
4) Қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагогтерi үшiн:
"Психология негiздерi" — отыз тапсырма;
"Педагогика, оқыту әдiстемесi" — отыз тапсырма;
5) Әдiстемелiк кабинеттердiң (орталықтардың) әдiскерлерi үшiн:
"Оқу пәнiнiң мазмұны" — жетпiс тапсырма;
"Педагогика, оқыту әдiстемесi" — отыз тапсырма.
6) Бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн:
"Заңнаманы бiлу" бағыты бойынша — 80 (сексен) сұрақ;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi — 20 (жиырма) сұрақ;
"Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексi — 20 (жиырма) сұрақ;
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңы — 20 (жиырма) сұрақ;
"Педагог мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы — 10 (он) сұрақ;
"Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы — 10 (он) сұрақ;
"Басқару құзыретi" бағыты бойынша — 20 (жиырма) сұрақ.
12. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудiң жалпы уақыты екi жүз он минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндерi үшiн екi жүз қырық минутты құрайды.
13. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi өткiзу операторы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ұлттық тестiлеу орталығы (бұдан әрi — ҰТО) болып табылады.
14. ҰТО тест тапсырмаларының базасын әзiрлейдi. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi ҰТО не бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын ұйым өткiзедi.
15. Аудиторияға ұлттық бiлiктiлiк тестiлеуiн өткiзудiң ашықтығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн және әрбiр педагогтiң өткiзу пункттерiндегi орны бейнебақылау жүйесiмен қамтамасыз етiледi.
16. Осы Қағидалардың 19-тармағы бұзылған жағдайда заттарды табу және аудиториядан аудиторияда өзiн-өзi ұстау ережесiн бұзған педагогтi шығару актiсi және (немесе) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тестiлеуге жалған тұлғаны анықтау актiсi жасалады.
17. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi өткiзу кезiнде ережелердi бұзу фактiлерi анықталған, сондай-ақ қарау кезiнде анықталған бейнежазбаны тапсыру мерзiмiне қарамастан, акт жасалады және нәтижелердiң күшi жойылады.
18. Педагог тестiлеу өткiзу пунктiнiң ғимаратына кiрген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негiзiнде оның жеке басын сәйкестендiру жүргiзiледi.
19. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi өткiзу кезiнде аудиториядан кезекшiнiң рұқсатынсыз және ертiп жүруiнсiз шығуға, бiр-бiрiмен сөйлесуге, бiр орыннан орнына ауысуға, материалдармен алмасуға, аудиториядан материалдар шығаруға, аудиторияға кiргiзуге және заттарды (оқулықтар мен әдiстемелiк әдебиеттердi, цифрлық смарт-аппаратураны) пайдалануға жол берiлмейдi.
20. Отырғаннан кейiн тестiлеу басталғанға дейiн тестiлеу кезiнде мiнез-құлық ережелерi бойынша аудиожазба жүргiзiледi.
21. Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау былайша жүзеге асырылады:
1) ұсынылған бес жауаптан бiр дұрыс жауапты таңдау бар тапсырмалар үшiн бiр балл, қалған жағдайларда — нөл балл берiледi;
2) ұсынылған жауаптардан бiрнеше дұрыс жауаптарды таңдаумен тапсырмалар үшiн:
барлық дұрыс жауаптар үшiн -екi балл;
бiр қате үшiн — бiр балл;
жiберiлген екi және одан да көп қателiктер үшiн — нөл балл.
22. Тестiлеу кезiнде бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын, ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi өткiзуге жауапты ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұлттық бiлiктiлiк емтихандарын өткiзудi жүзеге асырады:
1) педагогтер базасын қалыптастыру (өтiнiштердi қабылдау, ақпараттандыру үшiн дербес деректердi енгiзу: ЖСН, Т.А.Ә. (болған жағдайда), өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санаты, тапсыру тiлi);
2) компьютерлiк кабинеттердiң дайындығын бақылау;
3) аудиторлық қорды ұсыну;
4) тестiлеу кезiнде пайдаланылатын компьютерлердi тестiлеу өткiзiлгенге дейiн бiр күн бұрын дайындау;
5) педагогтердi компьютерлiк кабинетке рұқсаттама, жеке басын куәландыратын құжат бойынша кiргiзу және оларды отырғызу;
6) өтiнiш қабылдау, тестiлеу өткiзу, апелляциялық рәсiмдер кезiнде бағдарламалық қамтамасыз етудi дайындау;
7) тестiлеу аяқталғаннан кейiн тестiлеу нәтижелерiн өңдеу және беру;
8) апелляцияны есепке ала отырып, апелляция жүргiзу және нәтижелердi беру.
23. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi өткiзу кезiнде бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерi бақылаушы ретiнде қатысады.
24. Тестiлеу аяқталғаннан кейiн педагог компьютер экранында көрсетiлген тестiлеу нәтижелерiмен танысады.
25. Тестiлеу нәтижесi — осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық бiлiктiлiк тестiлеуден өткенi туралы анықтама — педагогтiң жеке кабинетiнде көрсетiледi. Педагогтiң талабы бойынша тестiлеу нәтижесi басып шығарылады, ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудi өткiзуге жауапты бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын ұйымы қызметкерiнiң қолымен және мөрiмен куәландырады, қолына берiледi.
26. Келесi балл алған жағдайда тестiлеу нәтижесi оң болып саналады:
1) Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтерi үшiн:
"Мектепке дейiнгi педагогика және психология":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 50%;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 60%;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 65 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 70 %;
"Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту әдiстемесi":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 30 % ;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 35 %;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 40 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 45 %.
2) Жалпы орта бiлiм беру педагогтерi үшiн:
"Оқу пәнiнiң мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 50%;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 60%;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 65 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 70 %;
"Педагогика, оқыту әдiстемесi" бағыты бойынша:
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 30 % ;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 35 %;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 40 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 45 %.
3) Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагогтерi үшiн:
"Оқу пәнiнiң мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 50%;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 60%;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 65 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 70 %;
"Қызмет бағыты бойынша":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 50%;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 60%;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 65 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 70 %;
"Педагогика, оқыту әдiстемесi" бағыты бойынша:
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 30 % ;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 35 %;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 40 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 45 %.
4) Қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагогтерi үшiн:
"Психология негiздерi":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 50%;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 60%;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 65 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 70 %;
"Педагогика, оқыту әдiстемесi":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 30 % ;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 35 %;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 40 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 45 %.
5) Әдiстемелiк кабинеттердiң (орталықтардың) әдiскерлерi үшiн:
"Оқу пәнiнiң мазмұны":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 50%;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 60%;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 65 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 70 %;
"Педагогика, оқыту әдiстемесi":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 30 % ;
"педагог-сарапшы" бiлiктiлiк санаты — 35 %;
"педагог-зерттеушi" бiлiктiлiк санаты — 40 %;
"педагог-шебер" бiлiктiлiк санаты — 45 %.
6) Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерi үшiн жұмысқа алғаш рет қабылданғанда:
"Оқу пәнiнiң мазмұны":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 60%;
"Педагогика, оқыту әдiстемесi":
"педагог-модератор" бiлiктiлiк санаты — 30 % .
7) бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн:
"Заңнаманы бiлу" бағыты бойынша:
үшiншi бiлiктiлiк санатты басшы — 60%;
екiншi бiлiктiлiк санатты басшы — 65%;
бiрiншi бiлiктiлiк санатты басшы — 70 %;
"Басқару құзыретi" бағыты бойынша:
үшiншi бiлiктiлiк санатты басшы — 55%;
екiншi бiлiктiлiк санатты басшы — 60%;
бiрiншi бiлiктiлiк санатты басшы — 70 %;
27. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудiң нәтижесi бiр жылға жарамды.
28. Ұлттық тестiлеу аяқталғаннан кейiн педагог нәтижелерiмен (негiздемелермен дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және негiздемелермен келiспеген жағдайда республикалық апелляциялық комиссияға ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляция бередi.
29. Бiрыңғай өлшемшарттардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезiнде даулы мәселелердi шешу, тестiлеу өткiзу кезеңiнде тестiленетiн құқықтарды қорғау мақсатында ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияларды қабылдауды қамтамасыз ететiн Республикалық апелляциялық комиссия өз қызметiн жүзеге асырады.
30. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
31. Республикалық апелляциялық комиссия өкiлеттiгiнiң қолданылу мерзiмi бiр жылды құрайды.
32. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың жоқтығын негiздей отырып келiспеймiн;
дұрыс жауап жоқ;
барлық ұсынылған жауаптардың iшiнен бiр дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмаларында бiреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетiледi);
дұрыс құрастырылмаған тест тапсырмасы.
2) техникалық себептер бойынша:
тест тапсырмаларында фрагменттiң немесе мәтiннiң болмауы.
33. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелдi негiздеменi (толық түсiнiктеме) көрсетедi. Әрбiр тапсырма бойынша дәлелдi негiздеменi көрсетпей (толық түсiнiктеме, тапсырмаларды қадамдық шешу) барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға өтiнiш қарауға жатпайды.
34. Республикалық апелляциялық комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, оған төраға, хатшы және комиссия мүшелерi қол қояды. Республикалық апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары тестiлеудi өткiзуге жауапты ұйымда бiр жыл бойы сақталады.
35. Онлайн-қабылдау режимiнде қаралған апелляция нәтижелерi бойынша жеке кабинетте апелляцияны есепке ала отырып, нәтижелер көрсетiледi.
36. Тестiлеудiң терiс нәтижесiн көрсеткен аттестатталушылар аттестаттаудың екiншi кезеңiне жiберiлмейдi.
37. Ұлттық бiлiктiлiк тестiлеудiң оң нәтижесi болған жағдайда педагогтiң өтiнiшi негiзiнде (қолданыстағы санат мерзiмi өткенге дейiн) одан әрi аттестаттау рәсiмi:
педагогтер үшiн — "Педагог мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес бiлiктiлiк санатын беру (растау);
бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн — осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргiзiледi.
38. Аттестаттау бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
Педагог облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi — ЖАО) немесе бiлiм беру ұйымдарына не "Азаматтарға арналған үкiмет "Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы;
республикалық бiлiм беру ұйымдарының педагогi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарына не Мемлекеттiк корпорация арқылы өтiнiш ұсына алады.
39. "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi (бұдан әрi — педагогтерге бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) жөнiндегi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары көрсетедi.
40. "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi (бұдан әрi — республикалық бiлiм беру ұйымдары педагогтерiнiң бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) жөнiндегi мемлекеттiк қызметтi) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi және республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдары көрсетедi.
41. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызметтер көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi осы Қағидаларға 7, 8-қосымшаларға сәйкес педагогтердi, оның iшiнде республикалық бiлiм беру ұйымдарының педагогтерiн аттестаттау жөнiндегi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тиiстi стандарттарында келтiрiлген.
42. Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәлiметтерiн Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы алады.
43. Өтiнiш берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды берген жағдайда, ЖАО-ның, бiлiм беру ұйымының, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымының, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның жауапты қызметкерi не Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
44. Мемлекеттiк корпорация арқылы ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, өтiнiш берушiге дайын құжаттарды беру күнiн көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi. Қалыптастырылған өтiнiштердi (құжаттар топтамасымен бiрге) Мемлекеттiк корпорация тиiстi ЖАО-ға, бiлiм беру ұйымына, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымына не бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органға жiбередi.
45. Мемлекеттiк корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде өтiнiштер мен құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
46. ЖАО, бiлiм беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдары немесе бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде ұсынылған құжаттардың толықтығы және өтiнiш берушiнiң осы Қағидалардың талаптарына сәйкестiгi тексерiледi, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштiң және тиiстi құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат не мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту берiледi.
47. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негiздерi тиiстi мемлекеттiк қызмет стандартында көзделген.
48. Мемлекеттiк корпорация арқылы жүгiнген жағдайда 46-тармақта көрсетiлген iс-әрекет тиiстi ЖАО-ға, бiлiм беру ұйымдарына, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарына, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органға құжаттар келiп түскен және тiркелген күнi жүзеге асырылады.
49. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн тиiстi ЖАО, бiлiм беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымы, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей жеткiзедi.
50. Мемлекеттiк корпорация арқылы жүгiнген жағдайда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжаттарды не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген құжат негiзiнде әрекет ететiн оның өкiлiн ұсынған кезде Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады, онда өкiлдiң тиiстi өкiлеттiктерi көрсетiледi.
51. ЖАО, бiлiм беру ұйымы, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымы, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы мәлiметтердi енгiзудi қамтамасыз етедi.
52. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлуi мүмкiн.
53. "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсеткен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
54. Педагогтердi аттестаттау үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бiлiм берудi басқару органдарында (бұдан әрi — аттестаттаушы орган) осы мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшысының бұйрығымен комиссиялар құрылады.
55. Комиссия құрамына мемлекеттiк органдардың, оның iшiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның, құқық қорғау органдарының өкiлдерi, кәсiподақтардың, үкiметтiк емес ұйымдардың бiлiм беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердiң өкiлдерi, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi кiруi мүмкiн.
56. Комиссия мүшелерiнiң тақ санынан тұрады, бұл ретте құрамы жетi мүшеден кем болмауы тиiс. Комиссия мүшелерi Комиссия отырысына алмастыру құқығынсыз қатысады.
57. Комиссия төрағасы педагогтердi аттестаттаудан өткiзетiн мемлекеттiк органның басшысы болып табылады. Төрағаның орынбасары комиссия мүшелерiнiң арасынан сайланады.
58. Хатшы оның комиссия мүшесi болып табылмайды. Комиссия хатшысы комиссия отырысына материалдарды, қажеттi құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресiмдейдi және қол қояды және дауыс беруге қатыспайды.
59. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемiнде 2/3-сi қатысса, заңды деп есептеледi.
60. Дауыс беру нәтижелерi Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
61. Комиссия отырыстарында аудио және бейне жазба жүргiзiледi. Аудио және бейне жазбалар архивте кемiнде үш жыл сақталады.
3-тарау. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, қосымша, мамандандырылған және арнайы бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттаудан өткiзу тәртiбi
62. Бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары (бұдан әрi — аттестатталушы) Комиссияға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үмiткердiң бiлiктiлiк санатын көрсете отырып өтiнiш бередi.
63. Бiлiм беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын (бұдан әрi — аттестатталушы) аттестаттау портфолио негiзiнде бiлiктiлiк бағалауды және қызмет қорытындыларын кешендi талдамалық жалпылауды ғана қамтиды.
64. Аттестатталушы аттестаттау кезiнде алғаш рет кез келген бiлiктiлiк санаттарына өтiнiш бере алады. Әрi қарай — бiрiздiлiктi сақтай отырып бередi.
65. Аттестаттау қабылданған сәттен бастап үш жыл кезең өткеннен кейiн алты айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
66. Қызметкердiң жүктiлiгi және босануы бойынша демалыста, бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыста, сондай-ақ егер ауру Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн еңбекке қабiлетсiздiктiң анағұрлым ұзақ мерзiмi белгiленген аурулар тiзбесiне кiретiн болса, еңбекке жарамсыздық парағында болуын қоспағанда, бiлiм беру ұйымдарының барлық басшылары мен басшының орынбасарлары аттестаттауға жатады.
67. Бала күтiмi бойынша демалыста жүрген аттестатталушы қызметке шыққаннан кейiн кемiнде алты ай өткен соң аттестатталады. Осы тармақта көрсетiлген басқа да тұлғаларды аттестаттау аталған тұлғаның қызметке шығуы бойынша аттестаттау кестесiмен айқындалады.
68. Бiлiм беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын аттестаттау портфолио ұсынған аттестатталушының кәсiби шеберлiгi мен жетiстiктерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
69. Бiлiм беру ұйымдарының басшыларын аттестаттауды өткiзуге дайындықты бiлiм беру ұйымдарындағы жауапты орындаушылар, аттестаттаушы органның кадр қызметi ұйымдастырады және келесi iс-шараларды қамтиды:
1) басшыларға (бұдан әрi-аттестатталушы) қызметтiк мiнездеменi, ұлттық бiлiктiлiк тестiлеуден өткенi туралы анықтаманы, жұмыс тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi бойынша талдамалық есептi қамтитын қажеттi құжаттарды дайындау;
2) аттестация өткiзу кестесiн бекiту.
70. Аттестаттаушы органның кадр қызметi жыл сайын 20 желтоқсанға дейiн келесi жылы аттестаттауға жататын аттестатталушылардың тiзiмiн айқындайды.
71. Аттестаттаушы органның басшысы органның кадр қызметiнiң ұсынысы бойынша жыл сайын 25 желтоқсаннан кешiктiрмей бұйрық шығарады, онда аттестатталушылардың тiзiмi, аттестаттауды өткiзу кестесi және комиссияның құрамы бекiтiледi.
72. Аттестаттаушы органның кадр қызметi жыл сайын 30 желтоқсаннан кешiктiрмей аттестатталушыларды аттестаттауды өткiзу мерзiмi туралы жазбаша хабардар етедi.
73. Аттестатталушыларға қызметтiк мiнездеме қамқоршылық кеңеспен және аттестаттаушы органның кадр қызметiмен ресiмделедi. Қызметтiк мiнездеме аттестатталушының кәсiби, жеке қасиеттерi мен қызметтiк iс-әрекетiнiң нәтижелерiне негiзделген, объективтi бағалауды қамтиды.
74. Аттестатталушы органның кадр қызметi аттестатталушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресiмдейдi.
75. Аттестаттаушы органның кадр қызметi аттестаттауға құжаттарды қабылдау кезiнде бiлiктiлiк баға бередi.
76. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда аттестаттаушы органның кадр қызметi құжаттарды қабылдамайды және аттестатталушыға дәлелдi бас тартуды ұсынады.
77. Аттестаттаушы органның кадр қызметi жиналған аттестаттау материалдарын комиссияға жiбередi.
78. "Бiлiм беру ұйымы басшысының орынбасары", "бiлiм беру ұйымының басшысы" бiлiктiлiк санаты лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде берiледi.
79. Аттестатталушы тиiстi бейiнi бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсiби бiлiмi не педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда "үшiншi бiлiктiлiк санатты басшының орынбасары" бiлiктiлiк санатына үмiткер болады.
Бұл ретте:
төменде көрсетiлген кемiнде үш көрсеткiштiң орындалуы қамтамасыз етiледi:
бiлiм беру ұйымының мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес мектепiшiлiк бақылаудың (сапаны бақылаудың) алуан түрлерiн пайдаланудың нәтижелiлiгi;
оқу/сабақ талдауының (оқуды/сабақты бақылау журналы (парақтары) оқуды/сабақты бақылау бағдарламасына сәйкестiгi;
педагогтердiң бiлiктiлiк санаттарын, мектепiшiлiк бақылауды (сапаны бақылауды) жүзеге асыру үшiн бiлiм алушылардың ерекшелiктерiн ескере отырып деңгейлiк дескрипторларды пайдаланудың нәтижелiлiгi;
жетекшiлiк ететiн бағыт бойынша аудандық/қалалық деңгейде жұмыс тәжiрибесiн жалпылау және тарату.
80. Аттестатталушы тиiстi бейiнi бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсiби бiлiмi не педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда "екiншi бiлiктiлiк санатты басшының орынбасары" бiлiктiлiк санатына үмiткер болады.
Бұл ретте:
төменде көрсетiлген кемiнде үш көрсеткiштiң орындалуы қамтамасыз етiледi:
мектепiшiлiк бақылау (сапаны бақылау) үшiн бiлiм беру ұйымдарының ресурстарын (цифрлық, кадрлық, материалдық-техникалық) ұтымды пайдалану;
бақылау-өлшеу материалдарының алуан түрлерiн пайдалану және олардың ақпараттылығы: оқу жетiстiктерiнiң көрсеткiштерi;
мектепiшiлiк бақылауды ұйымдастыруда керi байланыс пен түзету қызметiнiң тиiмдiлiгi: "тiгiнен" (әкiмшiлiк — мұғалiм) және "көлденеңiнен" (басқару субъектiлерi арасында);
облыстық деңгейде жетекшiлiк ететiн бағыт бойынша жұмыс тәжiрибесiн жалпылау және тарату.
81. Аттестатталушы тиiстi бейiнi бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсiби бiлiмi не педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда "бiрiншi бiлiктiлiк санатты басшының орынбасары" бiлiктiлiк санатына үмiткер болады.
Бұл ретте:
төменде көрсетiлген кемiнде үш көрсеткiштiң орындалуы қамтамасыз етiледi:
мектепiшiлiк бақылау (сапаны бақылау) нәтижелерiнiң объективтiлiгi мен пәрмендiлiгi: өлшенетiн көрсеткiштердiң динамикасы;
мектепiшiлiк бақылауды ұйымдастырудағы инновациялық тәсiл;
талдамалық материалдардың сапасы;
жетекшiлiк ететiн бағыт бойынша жұмыс тәжiрибесiн республикалық немесе халықаралық деңгейде жалпылау және тарату;
педагогтердiң әртүрлi санаттарымен сараланған жұмыс жүйесi.
82. Тиiстi деңгейдегi комиссиясы мынадай бiлiктiлiк санаттарын бередi:
"үшiншi санатты басшы", "үшiншi санатты басшының орынбасары" — аудандардың (қалалардың) бiлiм бөлiмдерiнiң, республикалық маңызы бар және астаналық қалалары бiлiм басқармаларының аттестаттау комиссиясы; облыстық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшiн — облыстық бiлiм басқармаларының аттестаттау комиссиясы; республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшiн — бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аттестаттау комиссиясы;
"екiншi санатты басшы", "бiрiншi санатты басшы", "екiншi санатты басшының орынбасары", "бiрiншi санатты басшының орынбасары" — облыстардың, республикалық маңызы бар және астаналық қалалары бiлiм басқармаларының аттестаттау комиссиясы; республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшiн — бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аттестаттау комиссиясы.
83. Комиссия аттестатталушы бiлiм беру ұйымдары басшыларының қатысуымен аттестаттауды өткiзедi.
84. Аттестатталушы дәлелдi себеп бойынша комиссия отырысына келмеген жағдайда, оны аттестаттау мәселесiн қарау күнтiзбелiк жетi күннен аспайтын мерзiмге ауыстырылады.
85. Аттестатталушы дәлелсiз себептермен болмаған жағдайда аттестаттаудың белгiленген күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күн өткен соң қайта аттестаттау тағайындалады. Дәлелсiз себептермен қайта келмеген жағдайда бiлiм беру ұйымдарының басшылары аттестатталмаған деп есептеледi және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы тәртiбiмен жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жұмыстан шығарылады.
86. Отырыс барысында Комиссия ұсынылған материалдарды зерделейдi, аттестатталатын адамды тыңдайды.
87. Ұсынылған материалдарды зерделеу және аттестаттау комиссиясының әрбiр мүшесiмен әңгiмелесу нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталушыға бағалау парағы толтырылады.
88. Осы Қағидаларға 14-қосымшада белгiленген көрсеткiштердiң орындалуын аттестатталушы әңгiмелесуде ұсынады.
89. Бiлiм беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын аттестаттау нәтижелерi бойынша Комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталды;
өтiнiш берiлген санатты растаумен аттестатталды;
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталмады.
90. Комиссия "өтiнiш берiлген санатқа аттестатталмады" деген шешiм қабылдаған кезде бiлiм беру ұйымы басшысының орынбасары осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өткен күннен бастап бiр жылдан ерте емес уақытта қайта аттестаттауға өтедi.
91. Комиссия қайта аттестаттауды өткiзу кезiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталды;
өтiнiш берiлген санатты растаумен аттестатталды;
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталмады.
92. Қайта аттестаттау кезiнде Комиссия "өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталмады" деген шешiм қабылдаған жағдайда қолда бар бiлiктiлiк санаты бiр деңгейге төмендейдi.
93. Бiлiм беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау нәтижелерi бойынша Комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталды;
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына ротациямен аттестатталды;
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына растаумен аттестатталды;
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталмады;
еңбек шартты бұзуымен өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталмады.
94. Комиссия "өтiнiш берiлген санатқа аттестатталмады" деген шешiм қабылдаған кезде аттестатталушы осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өткен күннен бастап үш айдан ерте емес (аттестатталатын кезең үшiн бiр реттен артық емес) уақытта қайта аттестаттауға өтедi.
95. Комиссия қайта аттестаттауды өткiзу кезiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталды;
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына ротациямен аттестатталды;
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына растаумен аттестатталды;
өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталмады;
еңбек шартты бұзуымен өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталмады.
96. Комиссия "бiрiншi бiлiктiлiк санатты басшы" немесе "екiншi бiлiктiлiк санатты басшы" бiлiктiлiк санаты бар аттестатталушыда қайта аттестаттау кезiнде "өтiнiш берiлген бiлiктiлiк санатына аттестатталмады" деген шешiм қабылдаған жағдайда, бiлiктiлiк санаты бiр деңгейге төмендейдi; "үшiншi бiлiктiлiк санатты басшы" бiлiктiлiк санаты бар басшылармен еңбек шарты бұзылады.
97. Аттестатталушы комиссияның шешiмiмен танысады.
98. Комиссияның шешiмi осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссия хатшысы мен оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерi қол қояды.
99. Комиссия шешiмi аттестатталушылардың аттестаттау парақтарына енгiзiледi.
100. Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы және оған қызметтiк мiнездеме жеке iсiнде сақталады. Комиссияның шешiмi аттестатталушының қызметтiк тiзiмiне енгiзiледi.
101. Комиссияның шешiмi жыл сайын ағымдағы жылдың 15 шiлдесiнен және 25 желтоқсанынан кешiктiрiлмей аттестаттаушы органның бұйрығымен ресiмделедi. Тиiстi бұйрықтың негiзiнде осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк бере отырып (растай отырып) аттестаттау туралы куәлiк берiледi.
102. Бiлiктiлiк берiлетiн (расталатын) аттестаттау туралы куәлiк осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес куәлiктердi тiркеу және беру журналында тiркеледi.