Ақсу кенті әкімі аппаратының 2020 жылғы бюджетінің орындалуы

«Ақсу кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға бюджеті қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-48/9 «2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітіліп, кірістер бойынша – 29 662,0 мың теңге, шығындар бойынша – 29 662,0 мың теңгені құрады.

2020 жылдың ЖӨӨБ бюджеті бюджеттік заңнама шеңберінде төрт рет нақтыланды - нәтижесінде есепті жылдың соңына бюджет көлемі кірістер мен шығындар бойынша 59 108,5 мың теңгені құрады.

Кент бюджеті орындалуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

2020 жылдың 31 желтоқсанына жоспардың орындалуы 109,3 %, бюджетке 42 883,2 мың теңгені түсті және жоспар 6 350,5 мың теңгеге асыра орындалды.

Трансферттердің түсуі 100% немесе 28 253,7 мың теңгені құрады.

2020 жылы Ақсу кенті ЖӨӨБ бюджетінің кірістері 3 көз есебінен құрылды. Келесі көздер:

салық түсімдері - төлем көзінен және мүлік салығы салынбайтын жеке табыс салығы; салықтық емес – ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, тұрақсыздық айыбы; трансферттердің түсуі – субвенциялар және ағымдағы мақсаттық трансферттер.

(мың теңге)

Түсімдер 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
Барлығы 42 883,2 30 169,0 30 697,0
Салық түсімдері, оның ішінде: 11 924,0 10 178,0 10 782,0
Жеке табыс салығы 1 609,9 319,0 335,0
Мүлік салығы 10 314,1 9 859,0 10 447,0
Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: 2 705,6 371,0 394,0
ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер 165,6 371,0 394,0
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, тұрақсыздық айыбы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығындар сметасы) ұсталатын және қаржыландырылатын 2 540,0    
Трансферттердің түсуі, оның ішінде: 28 253,7 19 620,0 19 521,0
Республикалық бюджеттен ағымдағы мақсаттық трансферттер 3 691,7    
субвенция 24 562,0 19 620,0 19 521,0
Пайдаланылатын бюджеттік қаражаттардың қалдығы 2 574,9    

ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУ

2020-2022 жылдарға Ақсу кенті бюджетінің нақтыланған жоспары құрады:

(мың теңге)

Функционалды топтар бойынша 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
БАРЛЫҒЫ 59 108,5 30 169,0 24 053,0
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 29 821,9 22 829,0 23 121,0
Білім 5 338,0 5 220,0 5 356,0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 23 948,6 2 120,0 2 220,0

Бюджеттік шығындар жоспары 59 108,5 мың теңге болғанымен 59 107,6 мың теңге сомаасына орындалды немесе қаржыландыру жоспарына 100,0 %.

Бюджет шығындарының орындалуы келесі деректермен сипатталады:

(мың теңге)

Аталуы Жылға реттелген бюджет Жыл ішінде нақты орындалуы Орындалу % Орындалмау сомасы
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 29 821,9 29 821,3 100 0,6
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 5 338,0 5 337,7 100 0,3
Көлік және коммуникация 23 948,6 23 948,6 100 0
Барлығы 59 108,5 59 107,6 100 0,9

келтірілген талдаудан көрінетін нақтыланған (реттелген) бюджеттік қаражаттарының игерілмеген сомасы 0,9 мың теңгені құрады, дөңгелектеу есебінен қалдық.

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 29 821,9 мың теңге сомасы, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға – 825,2 мың теңге.

Кент әкімі аппаратымен:

Ту сатып алу -5 дана Компьютерлік техниканы сатып алу- 1 дана Сирена сатып алу- 1 дана Өрт-техникалық жабдықтарды сатып алу- 8 дана

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 7 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100% орындалды немесе нақтыланған жоспарға 5 338,0 мың теңге.

Ақсу кенті бойынша келесі іс-шараларға қаражат жолданды:

санитарлық тазалау (Ақсу кентіндегі қоқыс тастайтын жерлерді шығару-2500 тонна., 2000 мың теңге;

кенттегі көшелерді жарықтандыру және жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету – көшелерді жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу) - 2 338,0 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (шағын сәулет нысандарын орнату – 12 дана, гүл көшеттері - 6666 дана) - 1 000,0 мың теңге.

«Көлік және коммуникация»12фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 23 948,6 мың теңге. Қаланың автомобиль жолдарын қамтамасыз ету және күтіп ұстау бойынша жұмыстар, қала жолдарын ағымдағы жөндеу (жолдарды қардан тазалау, жолдарды шұңқырлы жөндеу 3000 м, автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар – 3900 м₂) жүргізілді.

Дата публикации
03 февраля 2021