«Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға бюджеті қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-48/9 «2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітіліп, кірістер бойынша – 13 030,0 мың теңге, шығындар бойынша – 13 030,0 мың теңгені құрады.
2020 жылы Бөгенбай ауылдық округінің ЖӨӨБ бюджеті бюджеттік заңнама шеңберінде 4 рет нақтыланды - нәтижесінде есепті жылдың соңына бюджет көлемі шығындар бойынша 16 183,6 мың теңгені құрады.
Ауылдық округ бюджеті орындалуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
2020 жылдың 31 желтоқсанына жоспардың орындалуы 350,6 %, бюджетке 789,1 мың теңгені түсті және жоспар 564 мың теңгеге асыра орындалды.
Трансферттердің түсуі 100% немесе 15 958,5 мың теңгені құрады.
2020 жылы Бөгенбай ауылдық округі ЖӨӨБ бюджетінің кірістері 2 кіріс көздері есебінен құрылды. Келесі кіріс көздері:
салық түсімдері – жеке тұлғалардан көліктік құралдар салығы және елді мекен жеріне жер салығы; трансферттердің түсуі – субвенциялар және ағымдағы мақсаттық трансферттер.
(мың теңге)
| Түсімдер | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл |
| Барлығы | 13 030,0 | 10 756,0 | 10 932,0 |
| Салық түсімдері, оның ішінде: | 238,0 | 788,0 | 811,0 |
| Жеке табыс салығы | 86,0 | 90,0 | 92,0 |
| Жеке меншік салығы | 152,0 | 698,0 | 719,0 |
| Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: | 0,0 | 0,0 | 0,0 |
| ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер | 0,0 | 0,0 | 0,0 |
| жергілікті бюджетке салықтық емес басқа түсімдер | 0,0 | ||
| Трансферттердің түсуі, оның ішінде: | 12 729,0 | 9 968,0 | 10 121,0 |
| Республикалық бюджеттен ағымдағы мақсаттық трансферттер | 350,0 | ||
| субвенция | 12 442,0 | 9 968,0 | 10 121,0 |
| Пайдаланылатын бюджеттік қаражаттардың қалдығы |
Меншікті кірістер (салық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталдың сатылуынан түсетін түсімдер) 238,0 мың теңге сомасында бекітілген, орындалу кезінде 13,1 мың теңгеге азайтылған және 224,9 теңгені құрады.
ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУ
2020-2022 жылдарға Бөгенбай ауылдық округі бюджетінің нақтыланған жоспары құрады:
(мың теңге)
| Функционалды топтар бойынша | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл |
| БАРЛЫҒЫ | 16 183,6 | 10 756,0 | 10 932,0 |
| Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 12 503,6 | 8 116,0 | 8 236,0 |
| Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 1 880,0 | 1 040,0 | 1 082,0 |
| Көлік және коммуникация | 1 800,0 | 1 600,0 | 1 614,0 |
Бюджеттік шығындар жоспары 13 030 мың теңге болғанымен 16 183,6 мың теңге соммасына орындалды немесе қаржыландыру жоспарына 124,2 %.
Бюджет шығындарының орындалуы келесі деректермен сипатталады:
(мың теңге)
| Аталуы | Жылға реттелген бюджет | Жыл ішінде нақты орындалуы | Орындалу % | Орындалмау сомасы |
| Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 12 503,6 | 15 502,8 | 100 | 0,8 |
| Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 1 880,0 | 1 880,0 | 100 | 0 |
| Көлік және коммуникация | 1 800,0 | 1 800,0 | 100 | 0 |
| Барлығы | 16 183,6 | 16 182,8 | 100 | 0,8 |
келтірілген талдаудан көрінетін нақтыланған (реттелген) бюджеттік қаражаттарының игерілмеген сомасы 0,8 мың теңгені құрады, дөңгелектеу есебінен қалдық.
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 12 503,6 мың теңге сомасы, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға – 633,1 мың теңге.
Ауылдық округ әкімі аппаратымен:
«Парус – КАЗ.Бюджет» бағдарламалық өнім сатып алынды.
Сирена сатып алынды.
«1 С.Кәсіпорын 8» бағдарламалық өнім сатып алынды.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық»7фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100% орындалды немесе нақтыланған жоспарға 1 880,0мың теңге.
Бөгенбай ауылдық округі бойынша қаражат келесі іс шараларға бағытталды:
санитарлы тазарту (Бөгенбай ауылдық округінде табиғи қоқыс орындарын шығару – 1,5 тонна.) 800 мың теңге;
қаланың көшелерін жарықтандыру және жарықтандыру желісіне қызмет көрсету (көше жарықтандыру үшін фонарлар орнату) – 680 мың теңге;
елді мекендерді көркейту және көгалдандыру (көшеттер отырғызу, шағын сәулет нысандарын орнату және дайындау (балалар ойын алаңы) - 400 мың теңге.
«Көлік және коммуникация»12фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 1 800,0 мың теңге. Қала жолдарын ағымдық жөндеу, қаланың көлік жолдарын қамтамасыз ету және ұстау бойынша жұмыстар өткізілді (жолдарды қысқы мезгілде ұстау –жолдарды қардан тазарту, жолдарды жазғы мезгілде ұстау – ауылдық округ жолдарын құммен және қиыршық таспен себу)