Қарабұлақ ауылы әкімі аппаратының 2020 жылғы бюджетің орындалуы

« Қарабұлақ ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға бюджеті қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-48/9 «2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітіліп, кірістер бойынша – 36744,0 мың теңге, шығындар бойынша – 36744,0 мың теңгені құрады.

2020 жылдың ЖӨӨБ бюджеті бюджеттік заңнама шеңберінде үш рет нақтыланды - нәтижесінде есепті жылдың соңына бюджет көлемі кірістер мен шығындар бойынша 46070,2 мың теңгені құрады.

Ауылдың бюджеті орындалуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

2020 жылдың 31 желтоқсанына жоспардың орындалуы 100 %, бюджетке 45441,4 мың теңгені түсті

Трансферттердің түсуі 100% немесе 40441,4 мың теңгені құрады.

Қарабұлақ ауылы 2020 жылы ЖӨӨБ бюджетінің кірістері 3 көз есебінен құрылды. Келесі көздер:

салық түсімдері - төлем көзінен және мүлік салығы салынбайтын жеке табыс салығы; салықтық емес – ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, тұрақсыздық айыбы;

3.трансферттердің түсуі – субвенциялар және ағымдағы мақсаттық трансферттер.

(мың теңге)

Түсімдер 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
Барлығы 46070,2 46996,0 31493,0
Салық түсімдері, оның ішінде: 628,8 362,0 378,0
Жеке табыс салығы 345,3    
Мүлік салығы 283,5 362,0 378,0
Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: 283,5 0 0
ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер 283,5 362,0 378,0
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, тұрақсыздық айыбы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығындар сметасы) ұсталатын және қаржыландырылатын      
Трансферттердің түсуі, оның ішінде: 45441,4 18500,0 9000,0
Республикалық бюджеттен ағымдағы мақсаттық трансферттер 22322,2 0 0
заңнаманың қабылдануына байланысты өтемдік шығындарға арналған трансферттер 642,2 0 0
субвенция 22477,0 28134,0 22115,0
Пайдаланылатын бюджеттік қаражаттардың қалдығы 1 481,7    

Меншікті кірістер (салық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталдың сатылуынан түсетін түсімдер) 1271,0 мың теңге сомасында бекітілген, заңнаманың қабылдануына байланысты өтемдік шығындарға арналған трансферттер орындалу кезінде 642,2 мың теңгеге есейтілген және 628,8 теңгені құрады.

Салықтың негізгі түрлері бойынша жылдық жоспар асыра орындалды,

01.01.2021 жылға арналған бос қалдықтар 585,3 мың.тенге

ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУ

2020-2022 жылдарға Қарабұлақ ауылы бюджетінің нақтыланған жоспары құрады:

(мың теңге)

Функционалды топтар бойынша 2020 жыл 2021 жыл 2022 жыл
БАРЛЫҒЫ 46070,2 46996,0 31493,0
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 35770,2 21896,0 20 263,0
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 6500,0 21500,0 10700,0
Көлік және коммуникация 3800,0 3600,0 525,0

Бюджеттік шығындар жоспары 46 070,2 мың теңге болғанымен 46062,8 мың теңге сомаасына орындалды немесе қаржыландыру жоспарына 100,0 %.

Бюджет шығындарының орындалуы келесі деректермен сипатталады:

(мың теңге)

Аталуы Жылға реттелген бюджет Жыл ішінде нақты орындалуы Орындалу % Орындалмау сомасы
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 35770,2 35762,8 100 7,4
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 6500,0 6500,0 100 0
Көлік және коммуникация 3800,0 3800,0 100 0
Барлығы 46070,2 46062,8 100 7,4

келтірілген талдаудан көрінетін нақтыланған (реттелген) бюджеттік қаражаттарының игерілмеген сомасы 7,4 мың теңгені құрады, дөңгелектеу есебінен қалдық.

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 35672,8 мың теңге сомасы, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға – 1071,6 мың теңге.

Ауыл әкімі аппаратымен:

ҚР туы сатып алынды көлемі 9 дана.

Компьютер 1 дана жиынтықта сатып алынды

Сатып алынған Offis бағдарлама -1 дана

Сатып алу бағдарламалық «Каз. өнім Парус» -ЖӨБ-ті бюджеттік қаржыландыру -1 дана

Өрт дабылын сатып алу-1 дана

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 7 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100% орындалды немесе нақтыланған жоспарға 6 500,0 мың теңге.

Қарабұлақ ауылы бойынша келесі іс-шараларға қаражат бөлінді:

санитарлық тазалау (Қарабұлақ ауылындағы (Құлагер және Жібек жолы көшелерінің арасы-2000,0 тонна)

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру.

Ағаштарды кесу бойынша жұмыстар -200 бірлік қарағай көшеттерін отырғызу бойынша жұмыстар -100 бірлік.

Жібек жолы көшесі бойынша штакетникпен қоршау бойынша жұмыстар - 50 штакетник.

Сарыарқа көшесі бойынша көше жарығын орнату бойынша жұмыстар -20 бағана.

«Көлік және коммуникация»12фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 3800,0 мың теңге. Ауыл жолдарын ағымдық жөндеу, ауылдың көлік жолдарын қамтамасыз ету және ұстау бойынша жұмыстар өткізілді (жолдарды қысқы мезгілде ұстау – ауылда ұзындығы 8,4 км жолдарды қардан тазарту, 1 км жолды құммен және қиыршық таспен себу.

Дата публикации
03 февраля 2021