«Степногорск қаласының Қырық құдық ауыл әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға бюджеті қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-48/9 «2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітіліп, кірістер бойынша – 18 793,0 мың теңге, шығындар бойынша – 18 793,0 мың теңгені құрады.
2020 жылдың ЖӨӨБ бюджеті бюджеттік заңнама шеңберінде төрт рет нақтыланды - нәтижесінде есепті жылдың соңына бюджет көлемі кірістер мен шығындар бойынша 22 875,7 мың теңгені құрады.
Ауыл бюджеті орындалуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталады:
2020 жылдың 31 желтоқсанына жоспардың орындалуы 101,8 %, бюджетке 23 298,1 мың теңгені түсті және жоспар 422,4 мың теңгеге асыра орындалды.
Трансферттердің түсуі 100% немесе 22802,7 мың теңгені құрады.
2020 жылы Қырық құдық ауылы ЖӨӨБ бюджетінің кірістері 2 көз есебінен құрылды. Келесі көздер:
салық түсімдері - төлем көзінен және мүлік салығы салынбайтын жеке табыс салығы; трансферттердің түсуі – субвенциялар және ағымдағы мақсаттық трансферттер.
(мың теңге)
| Түсімдер | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл |
| Барлығы | 22875,7 | 12712,0 | 12896,0 |
| Салық түсімдері, оның ішінде: | 73,0 | 1182,0 | 1244,0 |
| Жеке табыс салығы | 60,0 | 180,0 | 190,0 |
| Мүлік салығы | 13,0 | 1002,0 | 1054,0 |
| Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: | |||
| ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер | |||
| Трансферттердің түсуі, оның ішінде: | 22802,7 | 11530,0 | 11652,0 |
| субвенция | 22802,7 | 11530,0 | 11652,0 |
| Пайдаланылатын бюджеттік қаражаттардың қалдығы |
Жеке табыс (салық) 373,0 мың теңге сомасында бекітілді, жеке табыс салығы бойынша орындалмау барысында 300,0 мың теңгеге кемітілді, бұл 73,0 мың теңгені құрады.
Салықтың негізгі түрлері бойынша жылдық жоспар асыра орындалды.
01.01.2021 жылға бюджет қаражатының бос қалдықтары 423,6 мың теңгені құрады.
ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУ
2020-2022 жылдарға Қырық құдық ауыл бюджетінің нақтыланған жоспары құрайды:
(мың теңге)
| Функционалды топтар бойынша | 2020 жыл | 2021 жыл | 2022 жыл |
| БАРЛЫҒЫ | 22875,7 | 12098,0 | 12254,0 |
| Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 13900,7 | 10213,0 | 10325,0 |
| Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 4575 | 1570,0 | 1600,0 |
| Көлік және коммуникация | 4400 | 315,0 | 329,0 |
Бюджеттің шығыс бөлігі жоспар бойынша 22 875,7 мың теңге болған, 22 874,4 мың теңге сомасында немесе қаржыландыру жоспарына 100,0% орындалды.
Бюджет шығындарының орындалуы келесі деректермен сипатталады:
(мың теңге)
| Аталуы | Жылға реттелген бюджет | Жыл ішінде нақты орындалуы | Орындалу % | Орындалмау сомасы |
| Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 13900,7 | 13899,4 | 100 | 1,3 |
| Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 4575 | 4575,0 | 100 | 0 |
| Көлік және коммуникация | 4400 | 4400,0 | 100 | 0 |
| Барлығы | 22 875,7 | 22 874,4 | 100 | 1,3 |
келтірілген талдаудан көрінетін нақтыланған (реттелген) бюджеттік қаражаттарының игерілмеген сомасы 1,3 мың теңгені құрады, дөңгелектеу есебінен қалдық.
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 13899,4 мың теңге сомасы, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға – 852,8 мың теңге.
Ауыл әкімі аппаратымен:
ҚР туы сатып алынды көлемі 3 дана және 1 дана флагшток.
Өрт-техникалық жабдықтар (колонкалар, жеңдер, оқпандар, бастиектер) және сиреналар сатып алынды.
"Парус-Каз" бағдарламалық өнімі сатып алынды.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 7 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100% орындалды немесе нақтыланған жоспарға 4575,0 мың теңге.
Бұл қаражат келесі іс-шараларға жіберілді:
санитарлық тазалау (Қырық құдық а. сұрапыл қоқыс тастайтын жерлерді шығару)1 000,0 мың теңге;
қала көшелерін жарықтандыру және жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету – (ауыл көшелерін жарықтандыру, көшелерді жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу) - 2 995,0 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (ағаш дуалдарды орнату) - 580,0 мың теңге.
"Көлік және коммуникациялар" 12 функционалдық тобы бойынша бюджет шығындары 100% - ға немесе нақтыланған жоспарға 4400,0 мың теңгеге орындалды. Қаланың автомобиль жолдарын қамтамасыз ету және күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді (қысқы жолдарды күтіп ұстау – кенттегі жолдарды қардан тазалау-300,0 мың теңге., жазғы жолдарды ұстау - ауыл жолдарын ағымдағы жөндеу – 3600,0 мың тг).