Сiздерге ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы №39 қаулысымен кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеңiлдiкпен кредит беру бағдарламасы қабылданғанын хабарлаймыз.
Бағдарлама екiншi деңгейдегi банктердiң кәсiпкерлерге жылдық 8% — бен 12 айға дейiнгi мерзiмге жеңiлдiктi кредиттер беруi арқылы кәсiпкерлердi қолдауға бағытталған.
Бағдарламаға қатысу үшiн шағын және орта бизнес үшiн салалық шектеулер, сондай-ақ клиенттерден талап етiлетiн құжаттардың белгiленген тiзбесi жоқ. Шағын және орта бизнес субъектiлерi 3 млрд. теңгеге дейiн, жеке кәсiпкерлер 50 млн. теңгеге дейiн, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi 6 млрд. теңгеге дейiн жеңiлдiктi несиелер ала алады.
Кредиттiк қаражат айналым қаражатын толықтыруға, оның iшiнде тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi, жалақыны төлеуге бағытталуы мүмкiн.
Қосымша ақпарат пен кеңестi екiншi деңгейдегi банктерден алуға болады.