469 «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi 18791,0 мың теңге сомасына бюджеттiк бағдарламаларды басқарады:
Бағдарламалар бойынша көрсетiлген қаржыландыру жоспары 22819,5 мың теңгенi құрады, iс жүзiндегi шығындар 22819,1 мың теңгенi құрады. Орындалмаған сома 0,4 мың теңге немесе 99,9% себебi дөңгелектеу есебiнен қаражатты үнемдеу болып табылады.
Аталған бюджеттiк бағдарлама мақсаттары мен мiндеттерiн көздейдi:
Кәсiпкерлiк бөлiмi аппаратының құрамында штаттық 7 бiрл., штаттан тыс 3 бiрл. қызметкер бар:
Қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру, өнеркәсiптiң индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүргiзу және iске асыру, қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуының кешендi жоспарын, стратегиялық жоспарды, өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу, оларды iске асыру бойынша есептердi дайындау, қала экономикасына инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды жүргiзу, Степногорск қаласының Индустрияландыру картасының жобаларына мониторинг жүргiзу, iшкi азық-түлiк нарығын толықтыру мәселелерi бойынша Мемлекеттiк басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау, инфляциялық үдерiстердi төмендету бойынша шараларды әзiрлеу және iске асыру, бизнес-ортаны жақсарту, сапаны жақсарту жолымен басқару жүйесiн жетiлдiру ақпараттық қызметтер, шаруашылық субъектiлерiне инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн ақпараттық қолдау көрсету, шағын бизнес субъектiлерiне ақпараттық-әдiстемелiк көмек көрсету.
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi 100%-ға жетедi: Ай сайын қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуы, Қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуының маңызды индикаторларының орындалуы туралы ақпарат дайындалады. Тоқсан сайынғы негiзде Степногорск қаласының 2020 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының Кешендi жоспарын iске асыру туралы есеп қалыптастырылды. Степногорск қаласының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына (бұдан әрi-Жоспар) түзету жүргiзiлдi. Жоспарға сәйкес Степногорск қаласының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру туралы Есеп қалыптастырылып, Степногорск қаласы әкiмiнiң сайтында орналастырылды. Степногорск қаласының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Бағдарламасының жобасы әзiрлендi және Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы сессиясының шешiмiмен бекiтiлдi.
Степногорск қаласының 2021-2025 жылдарға, 1 және 2 кезеңдерге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы жасалды.
Ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына мониторинг жүргiзiледi. Ауылдық елдi мекендер үшiн өңiрлiк стандарттар жүйесi бойынша жұмыс жүргiзiлдi.
Ай сайын қаланың өнеркәсiп кәсiпорындарының жұмысына және индустрияландыру Картасының және Ақмола облысының кәсiпкерлiктi дамыту Картасының жобаларына мониторинг жүргiзiледi, тауар өнiмiнiң, инвестициялардың көлемi және күтiлетiн орындалуы бойынша болжам дайындау жүргiзiледi.
Қала кәсiпорындары жыл басынан берi 195,8 млрд. теңгеге тауар өнiмдерiн өндiрдi. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң индексi 95,7% — ды құрады. Төмендеу «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» ЖШС-ға өңдеуге жеткiзетiн құрамында уран бар шикiзатты жеткiзудiң 27% — ға азаюына, «ЕПК Степногорск» АҚ-да подшипниктерге тапсырыстар көлемiнiң 38% — ға төмендеуiне байланысты.
Республикалық және Өңiрлiк Карталар шеңберiнде 2020 жылдың басынан берi Карта жобалары бойынша 91,8 млрд .теңге тауарлық өнiм өндiрiлдi немесе өткен жылдың кезеңiне 138,5%, картаға қатысушы кәсiпорындар өндiрiсiнiң үлес салмағы қаланың өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң жалпы көлемiнде 46,4% құрады.
2020 жылы Ақмола облысының кәсiпкерлiктi қолдау Картасының 2 жобасы пайдалануға берiлдi:
- «Топырақ құнарлылығын арттыру үшiн «БиоАзоФосфит» кешендi биоайтқыш» («Биотрон Групп» ЖШС, құны 240 млн. теңге);
- «Аккумуляторларды қорғасынға қайта өңдеу цехының құрылысы» («Промзащита» ЖШС, құны 872,9 млн.теңге).
Қала экономикасының дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi тартылатын инвестициялар көлемiнiң ұлғаюы болып табылады.
2020 жылы қала экономикасына 54,4 млрд .теңге инвестиция салынды, негiзгi капиталға салынған инвестициялардың НКИ 194,5% — ды құрады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша түрлi салаларда 3281 шағын және орта бизнес субъектiлерi қызметiн жүзеге асырады.
Тiркелгендер қатарында жұмыс iстеп тұрған шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң үлесi 92,1% — ды құрады.
Барлық деңгейдегi бюджеттерге шағын бизнестен 31 млрд. теңге салықтар мен төлемдер түстi. Жыл басынан берi 288 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Бизнестiң жол картасы — 2025» Бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 23 жоба субсидияланады, соның iшiнде ағымдағы жылы несие сомасы 588,6 млн.теңгенi құрайды.
3,5 млн. теңге сомасына 1 грант мақұлданды.
«Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 175,2 млн.теңгеге 3 жоба қаржыландырылды».
Бөлшек сауда тауар айналымы 2020 жылы 23,6 млрд.теңгенi құрады, НКИ -76,6%.
Әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында көп жылдық негiзде апта сайын Степногорск өңiрiнiң және облыстың жақын аудандары мен Нұр-сұлтан қаласының тауар өндiрушiлерiнiң қатысуымен жәрмеңкелер (42 жәрмеңке өткiзiлдi) 2020 жылы 265,1 млн.теңге сомасына өнiм сатылды (Карантиннiң енгiзiлуiне байланысты жәрмеңке наурыздан қыркүйекке дейiн тоқтатылды).
Азық-түлiк тауарларын жеткiзушiлермен бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу бойынша 25 меморандум жасалды.
Әлеуметтiк маңызы бар өнiмдерге баға белгiлеудегi жағдай тұрақты болды және болып табылады, әлеуметтiк маңызы бар тауарларға бағаның негiзсiз өсу фактiлерi жоқ.
Қорытынды нәтиженiң көрсеткiштерi 100%
Штаттық саны 10 адам, 2020 жылы бөлiм қызметiн қызметкерлер толық көлемде орындады.
Бөлiм башысы Т. Волчек
Орынд. Т.А. Батыгаева
Тел. 61363