Динара Мымбаева, Степногорского қалалық сотының бас маман

Азамат сот актiсiн орындамағаны үшiн жауаптылыққа тартылды

Ақмола облысы Степногорск қалалық сотында Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 669-бабының 1-бөлiгi бойынша (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат А-ға қатысты әкiмшiлiк iс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. кәмелетке толмаған баланы күтiп-бағуға алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiн орындамады. Сот орындаушысы алимент бойынша берешектi анықтады.

Азамат А-ға сот шешiмiн орындамағаны үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылық туралы ескертулер берiлдi.

Сотта азамат А. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамасында баяндалған мән-жайларды растап, өз кiнәсiн мойындады.

Сот қаулысымен азамат А. кiнәлi деп танылып, оған екi тәулiк мерзiмге қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жаза тағайындалды.

Дата публикации
20 января 2021