Кәсiпкерлердiң назарына!!!

Сiздердiң назарларыңызға жеткiземiз, 2021 жылдан бастап «Бизнестiң жол картасы 2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер гранттар беру және өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды жеткiзу қосымша «QOLDAU» ақпараттық жүйесi арқылы «QOLDAU.KZ» порталында электронды түрде көрсетiлетiн болады.

«QOLDAU» ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк кәсiпкерлiк субъектiлерiне тегiн негiзде және порталда олар электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып Пайдаланушы келiсiмiне қол қойған жағдайда берiледi.

Қызметтiң әрбiр түрi бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын алуға өтiнiм берудiң бейне нұсқаулығымен «QOLDAU.KZ» сайты «Анықтама» бөлiмiнде танысуға болады.

Дата публикации
20 января 2021