Қазақстанның сауда кәсiпорындарының қауымдастығы 2021 жылғы 10 қаңтардан бастап «Адал ниетпен» республикалық конкурсының басталуын жариялайды.
Байқаудың негiзгi мақсаты-кәмелетке толмағандарға темекi және құрамында никотин бар өнiмдердi сатудың алдын алу мақсатында бөлшек сауда дүкендерiн сатушылардың жауапкершiлiгiн арттыру.
«Адал ниетпен» жобасы шағын бөлшек сауда өкiлдерiне, соның iшiнде дүкен иелерiне, кассирлерге және никотинi бар өнiмдер мен кәмелетке толмағандар арасындағы көпiр бола алатын барлық адамдарға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға кандидат конкурстық комиссияның мекенжайына жiбередi:
1)Конкурсқа қатысуға өтiнiм-сауалнама
2)Дүкен туралы бейне-көрiнiс (1 минуттан артық емес)
Жобаның Instagram аккаунты @adal_nietpen, сайт http//atpk.kdt.kz