ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тiркелу мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында әлеуметтiк бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтiк жобалардыiске асыру конкурсқа қатысу үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

2021 жылғы 31 наурызда үкiметтiк емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметi туралы мәлiметтердi ұсыну мерзiмi аяқталады.

Осыған орай, мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы, заңды тұлғалар бiрлестiктерi нысанында құрылған үкiметтiк емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiне (оқшауланған бөлiмшелерi) уақытылы, соңғы күндерге қалдырмай infonpo.kz сайтында есеп берудiң электронды нұсқасын толтыру ұсынылады.

ҮЕҰ дерекқорына өз қызметi туралы мәлiметтердi ұсынудың баламалы тәсiлi есеп берудiң қағаз нұсқасын толтыру болып табылады. Есептiң қағаз нұсқасын электрондық форманың CD-дискте немесе флэш-жинақтауышта қосымшасымен қоса қоғамдық даму және ақпарат министрлiгiнiң мекен-жайына үстiмiздегi жылдың 31 наурызына дейiн жолдау қажет.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтердi уақытылы өткiзбегенi үшiн, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк қарастырылған.

Анықтама телефондары: 8(7162)72-20-09

Құрметпен, Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы.

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!
Дата публикации
08 января 2021