Степногорск қаласының пробация қызметі сотқа ауыр қылмысы үшін 2018 жылғы сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан, бас бостандығын шектеуге сотталған В.-ны тексеру кезінде жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғанынын, тұрғылықты жері бойынша тексеру барысында тұрғылықты жерінде жоқ болуына байланысты іздестіру іс-шараларын жүргізуге негіз болып, сотталғанға іздеуде жарияланғанын көрсетті.
Пробация қызметі сотталушының бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа жүгінді.
Пробация қызметі бөлімінің ұсынуын қарастыру кезінде оның ақша табу үшін Степногорск аумағынан шығып кеткені анықталды.
Осы жағдайда сот сотталғанның әрекеттерінде сот бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару белгісі бар деген қорытындыға келді. Осылайша, Степногорск қаласы Пробация қызметі бөлімінің ұсынысы қанағаттандырылып, сотталған В.-ның бас бостандығын шектеудің өтелмеген 1 жыл мерзімі бас бостандығынан айырудың дәл сол мерзіміне орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеумен ауыстырылды.
Сот қаулысы сотталғанмен шағымданып, Степногорск қалалық сотының қаулысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды.