Степногорск қалалық сотымен ҚР ӘҚК-нің 612 бабы бойынша әкімшілік істер қаралды.

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 612-бабы, атап айтқанда құжатсыз және көлiк құралын басқаруға құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы келесi санкцияларды көздейдi:

 — өзiмен бiрге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына арналған уақытша куәлiгi, көлiк құралына тiркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, ескерту жасауға не бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

 — көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзiп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

 — көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады;

 — осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

 — осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады;

 — басқару құқығы жоқ адамға (белгiленген қағидаларға сәйкес жүргiзуге оқыту жағдайларын қоспағанда) не көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлiк құралын басқаруға беру, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

 — осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2020 жылы 19 наурызда сағат 17:00-де Степногорск қаласында бесiншi ықшамауданы, №12 үйге қарама-қарсы жерде «Ауди-80» автокөлiгiн басқарған азамат К., жүргiзушi куәлiгiнен айырылған, осылайша азамат К. Жол қозғалысы ережелерiнiң 7-бөлiмi 4-тармағының 2-тармақшасын бұзған.

Сот отырысында азамат К. өзiнiң кiнәсiн толығымен мойындап, 2020 жылы 19 наурызда автокөлiктi жүргiзушi куәлiгiнсiз басқарғанын түсiндiрдi.

Степногорск қалалық сотының шешiмiмен азамат К.-ға ӘҚБтК-нiң 612-бабының 3-бөлiгiмен көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшiн кiнәлi деп танылып, осы баптың санкция бойынша азамат К.-ға 10 тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу түрiндегi әкiмшiлiк жаза тағайындалды.

Дата публикации
29 декабря 2020