2020 жылы 28 мамырда Степногорск қалалық соты ӘҚБтК-тiң 608-бабының 1-бөлiгiмен қозғалған азамат С-ға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарады, яғни жүргiзушiнiң көлiк құралын алкогольдiк масаң күйде басқаруы.
Iс материалдарына сәйкес, 2020 жылғы 15 сәуiрде кешкi сағат 22:00 шамасында, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерiнiң 2-бөлiмi 4-тармағының 2-тармақшасын және 2014 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы «Жол қозғалысы туралы» Заңының 54-бабы 4-тармағының 2-тармақшасын бұза отырып, азамат С. Степногорск-Заводской автомобиль жолының бiрiншi шақырымында алкогольдiк мас күйiнде орташа дәрежеде «Ауди-80» автокөлiгiн басқарған.
Азамат С. сот отырысында өзiнiң кiнәсiн толығымен мойындап, жасаған iсiне өкiнiп, сотқа әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетiлген барлық мән-жайларды растады.
ӘҚБтК-тiң 608-бабының 1-бөлiгiнде көзделген құқық бұзушылықты жасаған А.П. бойынша С.-тiң кiнәсi оның түсiндiрмелерiмен, полиция қызметкерiнiң баянатымен расталады. Азамат С.-тiң 2020 жылдың 15 сәуiрiнде автокөлiк жүргiзу кезiнде алкогольдiк мас күйiнде болуы медициналық тексерiс қорытындысымен расталады, оған сәйкес азамат С.-тiң орташа дәрежеде мас екендiгi анықталды, ол қорыстындымен танысқан, оның өзiнiң қолымен расталады.
Сот қаулысымен азамат С., ӘҚБтК-тiң 608-бабының 1-бөлiгiнде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшiн кiнәлi деп танып, осы бап бойынша жетi жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 (он бес) тәулiкке әкiмшiлiк қамаққа алу түрiндегi әкiмшiлiк жаза тағайындалды.