Тараптардың татуласуына байланысты азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды

Ақмола облысы Степногор қалалық сотында еңбекақы бойынша берешектi өндiрiп алу туралы азаматтық iс медиацияны қолданумен қаралды.

Сотта анықталғандай, медиативтiк келiсiмдi жүргiзу кезiнде дауды реттеу барысында азамат А. талап қою арыздың мөлшерiн азайтып, азамат К-дан еңбекақы бойынша берешектi өндiрiп алуды сұрады.

Азамат К. талапты азайту есебiмен талап қою арызды мойындап, еңбекақы бойынша берешектi төлеуге мiндеттендi.

Тараптардың татуласуына байланысты азамат А. талап арыздан бас тартты.

Дауды (жанжалды) реттеу туралы медиацияны қолданумен келiсiм жасасуға байланысты азаматтық iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылды

Дата публикации
28 декабря 2020