Медиация туралы не білесіз?

Құқықтағы медиация — үшiншi бейтарап, турашылдық, дауға мүдделi емес тарап — медиатордың қатысуымен дауды реттеудiң балама технологиялардың бiрi болып табылады, ол тараптарға дау бойынша айқын келiсiм жасауға көмектеседi, бұл ретте тараптар дауды реттеу бойынша шешiм қабылдауды және оны шешудiң шарттарын толығымен бақылайды.

Медиацияның белгiленген шарттары мен жүргiзу қағидалары, әрекеттердiң кезектiлiгi бар, сондай-ақ келесi қағидаттарына негiзделедi: ерiктiлiк, құпиялылық, өзара сыйластық, медиатордың бейтараптығы мен әдiлдiгi, рәсiмнiң ашықтығы.

Осылайша, заңнамада жеке және заңды тұлғаларға дауды сотқа дейiн және сот медиациясы тәртiппен реттеуге құқық берiледi.

Сотқа дейiн медиация медиатордың қатысуымен сотқа дейiн реттеу тәртiбiнде дауды шешудi көздейдi.

Сот медиациясы шешiм шығарылғанша, сот талқылаудың кез келген сатысында бiтiстiрушi судьямен дауды реттеудi көздейдi.

Дата публикации
28 декабря 2020