Медиация институтын дамытудың маңызы зор.
Медиация институты — қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды элементтерiнiң бiрi. Соңғы уақытта қазақстандықтар дауды шешу үшiн сотқа емес, кәсiби медиаторлар көмегiне көбiрек жүгiне бастаған. Өйткенi сот процестерi арызданушы екi тараптың бiрнеше ай уақытын алса, медиация процесi таласты тараптарды бiрнеше сағат iшiнде татуластырып, шешiм шығарады. Бұл — бiрiншiден уақыт үнемдейдi. Екiншiден, сотқа емес, медиаторлық көмекке жүгiнген азаматтардың қаржылық шығыны азаяды.
Құқық қорғаушы жалдаудың, көптеген сараптамалар жасаудың қажетi болмай қалады. Бұл да қаржы үнемi. Үшiншiден, әрi ең бастысы, соттағы сияқты екi тараптың бiрi жеңiлiп, бiрi жеңбей, екi жақтың да көңiлiнен шығатын ортақ шешiм қабылдайды. Бұл азаматтардың медиацияға деген оң көзқарасы, оң ортақ шешiмге келуге дайын екендiктерiнен, құқықтық мәдениеттiң дамып келе жатқандығынан хабар бередi. Жалпы, медиация қоғамдағы тұрақтылыққа жағымды әсер бередi.