5 қазандағы 2026 жыл А-10/372
Жер учаскесінің бөлігін
мәжбүрлеп иеліктен шығаруды
бастау туралы
Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-пунктінің 2) тармақшасында көрсетілген қоғамдық жайылымдарға халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-пунктіне сәйкес, Жер кодексінің 16-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына, 85, 86, 87, 88-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, 2026 жылғы 23 қыркүйектегі Қарабұлақ ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына сәйкес заңды талап ретінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей, жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта арқылы, пошта жөнелтілімінің алынғаны туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, жіберуді;
3) жер пайдаланушының не уәкілетті мемлекеттік органның және ұйымның иеліктен шығарылатын жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін ұсынуын қамтамасыз етуді;
4) мемлекеттік мұқтаждар үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалауды жүргізуді;
5) мемлекеттік мұқтаждар үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын әзірлеуді және оны жер пайдаланушыға пошта арқылы, пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, жіберуді;
6) жер пайдаланушы қаулымен келіспеген немесе мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткен соң, бірақ қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылатын мерзімнен (күннен) кешіктірмей, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті жер учаскесін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап қою арызын беруді;
7) жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қоюға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің жариялылығын қамтамасыз етуді.
Степногорск қаласының әкімі Т. Ерсейітов