Объявление О рассмотрении скрининга воздействия «Схемы развития и застройки (упрощенный вариант генерального плана) поселка Шантобе города Степногорска, Акмолинской области»

Хабарландыру

Әсерді скринингтеуді қарау туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті (бұдан әрі – СЭБ материалдары):

«Ақмола облысы, Степногорск қаласының Шантөбе кентінің дамыту және салу схемасы (бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы)» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау (скрининг кезеңі).

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «СК РАОЛ «ИНВЕСТ» ЖШС.

СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  1. Жобаны іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, бұл қандай әсерлер және оларды не себепті елеулі деп санайсыз?
  2. Жобаны бекіткенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  3. СЭБ жүргізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  4. Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты басқа да ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2040 жылға дейін

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қазаннан 16 қазанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 16 қазан).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-02-83, 74-08-40

E-mail: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде мына мекенжайларға жіберуге болады:

  • ҚазақстанРеспубликасыЭкологияжәнетабиғиресурстарминистрлігініңКеңсесінеэлектрондықтүрде: kense@ecogeo.gov.kz
    (құжаттардың Кеңсеге келіп түскенін +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет);
  • kunanbaeva@ecogeo.gov.kz электрондық поштасына;
  • 8 (7172) 74-02-83 телефоны арқылы.

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

  • Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
  • Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

 

Тірек жоспар
Дата публикации
02 октября 2026