Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссия отырысының хаттамасы

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу

жөніндегі қалалық комиссия отырысының

хаттамасы

 

Степногорск қ.                                      № 9                           17 қыркүйек 2026 жыл

 

Төрағалық етті: Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Д. Оспанов.

Қатысқандар: Ақмола облысының мемлекеттік еңбек инспекторы, Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, қалалық комиссия мүшелері, шақырылғандар.

 

І. Міндетті әлеуметтік төлемдер (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша берешекті өтеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

(А.А. Асамбаева )

 

1. Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің басшысы - Айнұр Амангелдіқызы Асамбаеваныңақпараты назарға алынсын.

2. Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (келісім бойынша):

- қала кәсіпорындары мен ұйымдарындағы міндетті әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешекті өтеу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- берешегі бар негізгі салық төлеушілермен жұмысты күшейтіп, заңнамада көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау;

3. Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары: берешек туындаған жағдайда оны уақтылы өтеу және одан әрі өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету.

 

ІІ. Қала кәсіпорындары мен ұйымдарында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік жарақаттану жағдайларына жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

 (Сүлейменов Е.Т)

 

1.     Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары:

- Степногорск қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысуын арттыру мақсатында «Халықтық бақылау» жобасын енгізу және дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырылсын;

- өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, бірінші кезекте кәсіби тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқамалар мен оқытуды тұрақты түрде өткізуді, сондай-ақ жабдықтардың жарамдылығын бақылауды және қызметкерлерді қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді қамтамасыз етілсін.

 

IIІ. Білім беру ұйымдарын бітірушілердің, оның ішінде жас мамандардың еңбек және әлеуметтік бейімделуіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ жас кадрларды жұмысқа тарту туралы

(Бекмагамбетов А.А.)

 

1. Степногорск қаласының білім бөліміне: түлектердің одан әрі білім алу және еңбек ету бағыттарына ай сайын мониторинг жүргізуді жалғастыру, оқуды жалғастырмайтын және жұмыс орны жоқ түлектердің болуына жол берілмесін;

- кәсіптік бағдар беру, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және Степногорск қаласының білім беру ұйымдарындағы бос педагогикалық лауазымдарға жас мамандарды тарту мақсатында білім беру ұйымдарының колледждермен, Степногорск қаласының Мансап орталығымен, қала кәсіпорындары мен ұйымдарымен өзара іс-қимылын күшейтілсін;

2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін Бірыңғай цифрлық платформада (БЦП) есепке алу және мониторинг жүргізу бөлігінде анықталған сәйкессіздіктерді өзектендіруді және жоюды, енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етілсін.

 

 

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары                                      Д. Оспанов

 

Жұмыс берушілердің өкілі,

«Astana-Nan Chemicals» ЖШС

филиалының директоры                                                                        Т. Уәли

 

Кәсіподақ ұйымдарының өкілі,

«СПЗ» қызметкерлері

кәсіподағының  төрағасы                                                                      С. Кубасов

 

Дата публикации
23 сентября 2026