«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Степногорск қаласы әкімінің аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.09.2026 - 17.09.2026 Қабылдау 1 этап: 16.09.2026- 17.09.2026 Қабылдау 2 этап: 18.09.2026 Практикалық бағалау: 19.09.2026 Анықтама телефоны: 87164555654 E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі мамандардың бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу. Талап-арыз жұмысын жүзеге асыру, құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдары бойынша, оның ішінде азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында іс жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау мерзімдерін бақылау, есептілікті қалыптастыру және жасау, сонымен қатар Е-өтініш бірыңғай платформасында азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын өз құзыреті шегінде қарау. ҚР Қаржы министрлігінің, облыс әкімдігінің орталықтандырылған тапсырмаларын, Басқарма мен бөлім басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде және тиісті сапада орындау бойынша жұмысты жүзеге асыру. Нормативтік-құқықтық актілерді және басқа да нұсқаулық материалдарды уақтылы зерделеу. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: халықаралық құқық, құқықтану

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгінемесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
14 сентября 2026